№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ


Қызылорда облысы Төтенше дағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов төтенше жағдайлардың алдын алуға қосқан үлесі үшін Зейнулла Дүйсенгалиді «Алғыс хатпен» марапаттады.


Зейнулла Нәжімұлы не үшін марапатталды дерсіздер. Оқиға өрісі былай өрбиді. 2019 жылдың 24 шілдесінде «Әлімкөл» көлінің тұсында өтіп бара жатқанында көмек сұрап айқайлаған балалар алдынан шығады. Олар екі қыздың суға батқанын баяндайды. Ол еш ойланбастан суға секіріп, №125 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жахан Алтынайды алып шығады. Алғашқы көмек көрсетеді. Сәлден соң есін жинаған соң су астында екінші қыз бар екенін айтады. Дереу суға түскен ол екінші қызды іздеуге кіріседі. Екінші қызды да жағаға шығарып, алғашқы көмек көрсеткенмен жеті жасар бүлдіршінді құтқару мүмкін болмады.
Өзінің саулығын қатерге тігіп, бүлдіршіндерді құтқаруға асыққан азаматтың ерлігін департамент жоғары бағалады.
Бейбіт күннің батыры республикалық деңгейдегі сыйлыққа да ұсынылса жарасады.
– Мен ерлік жасадым деп ойламаймын. Менің орнымда кім болса да көмек көрсетуге асығар еді. Өйткені біздің ата-бабаларымыздың рухында ерлікке, елдікке бейімділік бар. Бізге сондай қасиет қанмен келген. Сондықтан әрбір қазақ мұндай қадамға бара алатынына сенемін, – дейді кішіпейіл, қарапайым азамат.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
07 қыркүйек 2019 ж. 496 0