№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауысқан

             
Осы бір алабажақ құстың шықылықтаған даусын анда-санда Алматы көшелеріндегі қарағаш, терек, самырсын, шыршалардан естіп қаламын. Естіген сайын ескі аңыз есіме орала береді. Аяз би! Иә, кәдімгі құс жаманын, шөп жаманын, адам жаманын тапқан әділ би. Қара қылды қақ жарған әділдіктің жоқтааушысы бұрынғы құс жаманы қырғауыл деген пікірді жоққа шығарып, өзінің көпті көргендігімен сауысқанды басы бірікпейтін бәтшағар қанатты қылып шығарады. Өмір бойы қой соңында тепеңдеп, жақсы мен жаманның айырмасын өз көзқарасымен өлшеген «тексіз» бидің әділдігі бізді сауысқанды жақамауға үйретті. Шамасы Аяз бидің сауысқан жайлы айтқан пікірлері дұрыс шығар. Бірақ мен сауысқанды аяймын. Себебі, ұйыған айрандай қалың ормандағы тыныштықты бұзылғанын қаламайтын жануарлардың сүйіктісі сауысқан, жалғыз сауысқан ғана...
Мысалы қалың тұман басқан қарағайлы орманға қарайц бет алыңызшы. Сізді бірінші шықылықтаған даыс қарсы алады. Ол сіздің келе жатқаныңызды орман тұрғындарына жария етуде. Қандай ниетпен қалың нуға қадам басқаныңыз сауысқанның жіті назарынан тыс қалмайды. Тіпті, аяқ киіміңіздің қатпарлы табаны сырт етіп сындырған дыбыстың өзі саққұлақ ала құс үшін жеткілікті. Бірден орманның бейбіт тіршілікті сүйер қауымын құлағдар етеді. Егер оқшантайыңыз бытыра мен кесек оққа толы болса, тынымсыз құстың көзіне түспей өтемін деуіңіз бекер. Зәулім бәйтеректің басынан естілген жарықшақ дауысты қағып алған қырғауыл мен кекілік қорыс ішіне қарай жорғалап жоғалса, елік пен бұғы жайылып жүрген жерлерінен із суытады. Дымқыл жердің топырағын түрткілеген борсық, суыр, қабан бір-бірін жетелей жылысады. Ал, қараңғыны қалқан қылып, жарықта бой тасалайтын қасқыр, түлкі, қарсақ ұйысқан сарыағаш пен қой қарақаттың, зәулім қарағайдың қалтарыстарындағы індерінен алыстай қашады. Осындай сақшылары бар орман тұрғындары сауысқанға қанша рет тағзым етті екен? Кім біледі?! Мүмкін оны қанқұмар жыртқыштар да адам секілді аса жақтыртпайтын шығар. Өйткені әлсіздіктің жақтаушысын кім жақсы көрсін?!
Шаһардың түзу де бұралаңды көшелеріндегі ағаштардан сауысқанның даусын естіген сайын, есіме Қазақ халқы үшін шырылдаған АЛАШ азаматтары түседі. Олардың барлығының кейпі сауысқанға ұқсап кетеді. Неге? Білсем сұрар ма етім...
                                                                                                                          Мәди АЛЖАНБАЙ. 2006 жыл.
23 тамыз 2019 ж. 2 582 0