№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Теміржол билетін қайтарып бергендерге енді айыппұл салынбайды

Теміржол билетін қайтарып бергендерге енді айыппұл салынбайды


"Жолаушылар тасымалы" компаниясы теміржол билеттерін қайтарып бергендерге салынатын айыппұлды алып тастады, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz.

"Жолаушы сапардан бас тартқанына байланысты жол құжатын қайтарып беру операциясы үшін 1000 теңге көлемінде ақша ұстау алынып тасталды", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов.
Мүгедектіктің барлық тобының, сондай-ақ мүгедек балалардың сапарына қатысты өзгерестер енгізілді. Оларға билетті негізгі құнынан 50 пайыз көлемінде жеңілдікпен сатып алуға болады. Ал коммерциялық бағыттар бойынша - тасымалдаушының көзқарасына байланысты.
2018 жылы "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыз билетін қайтарып бергендерге 1000 теңге айыппұл салатындарын хабарлаған еді.
22 тамыз 2019 ж. 860 0