№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » XXI ғасырдың батыры деп кімді танимыз?

XXI ғасырдың батыры деп кімді танимыз?


Батырлық, батылдық, отаншылдық – тек елжанды тұлғаның бойында болуы тиіс қасиет. Біз батыр деп – Ұлы Отан соғысында ел қорғаған өршіл рухты тұлғалар мен ауған ардагерлерін танимыз. Ал, бүгінгінің яғни XXI ғасырдың батыры кімдер?

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының уақытша міндетін атқарушы, капитан лауазымды Марат Бекназаров:– Біз батыр деп ұлық тұтатын тұлға – майдан даласында тоқтаусыз атылған оқ пен жазықсыз төгілген қанды көріп, қатыгездіктің алаңында күн кешкен абзал азаматтарды танимыз. Расында да, олардың ерен ерлігі «Батыр» деп мақтан етуге тұрарлық. Ал, бүгін соғыс тұрмақ әскерге барудан қашатын жігіт атаулылар көбейіп барады. Бүтін ел соларға үміт артып, сенім білдіріп жүр. Алайда, Отан алдындағы борышын өтей алмай жүрген жігіттерден батыр шықпасы анық. Сондықтан, әскерге өздігінен сұранған, әрқашан өзгеден көмегін аямаған, кәсіптің түрлі қиын саласында қызмет атқарып жатқан адамдарды батыр деп танимын. Мәселен, өз өміріне қауіпті болса да, елдің қуаттылығы артуы үшін шахта, әскери шекара, әуе күштерінде, теңіз плотында, өрт сөндіру саласында жұмыс жасап жүрген жігіттер – нағыз бейбіт күннің батыры.

Ауған соғысының ардагері Жамалдин Абылбашаров:– Батырлық – отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Бала батыр болып өсу үшін әке мен ананың мінезі мен ісінде өжеттілік, қайсарлық қасиет болуы тиіс. Ал, бүгінгінің батыры – өрт пен судан адамды аман алып қалған, өз өміріне қауіп төнсе де, көкейінде өзгеге көмек ұғымы бірінші тұрған адам. Тек қана ерлікпен көмек көрсеткенді батыр деп те айта алмаймын. Жетім-жесір мен мұқтажға, қарттарға қолын созып, баспана тұрғызып, мейірім шуағын төгіп жатқан азаматтар да бар. Осының бәрі батырлық ұғымына саяды.

Көкпардан Қызылорда облысының намысын қорғап жүрген "Сейхун" командасының белді ойыншысы Асхат Мырзагелдиев:–Мен батыр деп нағыз өз елінің патриотын танимын. Мысалы, өз артына қалдырған ұрпаққа саналы тәрбие беріп, ұлағатты ұрпақ болып өсуіне күш салып, адамдық жолында көпке үлгі болып жүрген мінезі көркем, сөзі нық, сөзі мен ісі сай келетін, өршіл рухты, қоғамға тигізген пайдасы көп ел ағасын батыр деп айтуға болатындай.
08 мамыр 2019 ж. 4 568 0