» » МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ЖАСТАРҒА ҮНДЕУІ

МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ЖАСТАРҒА ҮНДЕУІ


Қазақ халқында халықты артына ертіп, шұғылалы жолға бастаған көсемдер аз болмаған. Сондай дара тұлғаның бірі Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. Өмірінің аяғын Еуропа елдерінде өткізіп, қазақтың дарынды ұлт екенін ісімен, сөзімен, қайратымен дәлелдей білген күрескер тұлға. Оның Германияда жастарға айтқан үндеуі өміршеңдігін әлі жойған жоқ.

– Біз мынаны ұққанымыз жоқ. Жас ұрпақшұғыл түрде ұйымдасып, істі өз қолдарына алмайынша, Түркістанның  үлттық мәселесі өз шешімін таппайды.
...Ей, жас түркістандық! Сен өзіңе жүктелген қасиетті міндеттің ауырлығын, жауапкершілігін ешқашан есіңнен шығарма», деген еді халықшыл азамат.
                          
21 қыркүйек 2018 ж. 1 093 0