«ОСКАР» ЖҮЛДЕСІ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Америкалық Киноакадемия Оскар жүлдесінің 90 марапаттау рәсімі 2018 жылы 4 наурыз күні өтеді. Жүлдеге ұсынылған фильмдер мен актерлердің есімі де белгілі. Бүгін сіздердің назарларыңызға осы жүлде жайында қызықты деректерді ұсынамыз. Өнер саласында үздіктерді анықтайтын «Оскар» жүлдесін табыстау рәсімі алғаш рет 1929 жылы өткізілген. Жиын ұзақтығы 15 минутқа созылды. 1953 жылдан бері телеарналарда көрсетіле бастады. Бүгінде 200-ге жуық мемлекетте тікелей эфирде көрсетіледі.
"Оскар" атауы тек 1934 жылы жүлдені алтыншы рет табыстау рәсімінде бергілген. Бұл марапатқа "Оскар" атауын Уолт Дисней берді. Гангстерлер жайлы түсірілген «Крестный отец» фильмінде кейіпкер Вито Карлеон рөлін үздік содағаны үшін Марлон Брандо мен Роберт Де Рино «Оскар» жүлдесін жеңіп алды. «Оскар» жүлдесін жеңіп алғанмен, мүсінді өзімен алып кете алмайды. Ол үшін жеңімпаз Киноакадемия қойған арнайы талаптарға келісу қажет. Бас тартқан жағдайда мүсін берілмейді. Бұл қағида өткен ғасырда бас жүлденің бірнеше рет сатылымға шығып кетуіне байланысты пайда болды. Тарихта «Оскар» жүлдесін бір емес, бірнеше рет жеңіп алғандар бар. Уолт Дисней Оскар жүлдесін 25 рет жеңіп, оның ішінде 3 рет құрмет белгісімен марапатталған. 1942-1963 жылдар аралығында 59 рет түрлі номинацияларға ұсылынған. Бір қызығы, жүлдемен ең көп марапатталған және ең көп номинацияға ұсынылып, ала алмаған адам ретінде тарихқа енген. Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Оскар мүсіндері пластмасса материалдан жасалды. Соғыстан кейін, қайтадан металл түріне ауыстырылды. Оскар жүлдесімен марапатталған жандар үшін сахнада сөйлеуге небары 45 секунд белгіленген. Бұл ереже марапаттау рәсімінің төрт жарым сағатқа созылып кетуіне байланысты 2002 жылы енгізілді. «Оскар» тарихында түрлі номинациялар бойынша бірнеше рет таласқа түсіп, жүлдесіз қалғандар да кездеседі. Дебора Керр, Тельма Риттер және Гленн Клоуз аталмыш жүлдеге 6 рет ұсынылған, британиялық актер Питер О’Тул 8 рет ұсынылыпты, бірақ «Оскар» жүлдесін жеңу бұйырмаған.
Дереккөз: Massaget.kz сайты.