№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАРИХ. ТАҒЫЛЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК: ТАРИХ ПӘНДЕРІНІҢ ОНКҮНДІГІ

ТАРИХ. ТАҒЫЛЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК: ТАРИХ ПӘНДЕРІНІҢ ОНКҮНДІГІ


Тәуелсіздікпен бірге біз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырттық. Осылайша, төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың «Мәңгілік ел» мұратын қайта жалғадық. Тегеуріні берік, тепкісі қатты заманда тең жарымынан айрылған халқымыз ана тілінен, қасиетті дінінен көз жазып қала жаздады. Дегенмен, соның бәрі халқымыздың рухын жасыта алған жоқ, азаттыққа деген аңсарын жеңе алмады”- деп тұңғыш Елбасымыз өте орынды айтқан. Тарих-ұлттың бастауы.
Осы тұста 286 мектебімізде “Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік” атты аймақтық апталықтың ашылуына байланысты семинар болып өтті. Семинарда мектебіміздің тарихшылары төбе көрсетіп, ашық сабақтар мен, дебат ұйымдастырып, келген мұғалімдермен тәжірибе алмасты. Атап айтсақ, тарих пәні мұғалімі: Абдулла Нұрахмед ашық сабақ өтті.
Елеусіз Нұрсәуле “ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс” тақырыбында шығармашылық сабақ көрсетті. Ал Алиханов Қайсар 10- сынып оқушыларының қатысуымен “Қатаған қырғыны” тақырыбында дебат ұйымдастырды.
Тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Әсем Төрегелдиева, Үкібаев Серік онкүндіктің салтанатты ашылуын ұйымдастырды.
Аймақтық семинарға аудан әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Бектас Балғабайұлы және аудандық білім бөлімі басшысы м.а Бекжан Шахизадұлы арнайы қатысып, жоғары бағасын берді. Өз кезегінде жоғары деңгейде өткендігі жайлы қонақ болып келген Сыр аймағының тарих пәндері оқытушылары пікір қосты.

16 ақпан 2024 ж. 3 659 0