№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бабалар сөзін ұмыттық па?

Бабалар сөзін ұмыттық па?

Кей-кейде болымсыз дүниелерден тәжірибелерінің кемшіндігі, оқығандарының, білгендерінің әлі де жетіспеушілігі байқалып та тұрады. Осыған орай, ғылыми, тарихи, этнографиялық, жағрафиялық діни әдебиеттерде көптеп кездесетін кейбір сөзді ежелгі жер-су, ел-жұртты бабаларымыз қалай атағаны туралы аз-мұз мағлұмат бере кетуді жөн көремін.
Мұнда: 
Мысыр – Египет, 
Шам(Шаған) – Сирия
Дамшық – Дамаск
Бейжің – Пекин
Шын – Қытай елі
Шүршіт – Қытайлықтар
Машын – Үндістан
Бұланай тауы – Гималай
Афрасияп – Самарханд
Қап(Қойқап) – Кавказ тауы
Шаш (Шашкент) – Ташкент
Үрім – Кіші Азия
Мағұріп – Батыс жақ
Мәшүріп – Шығыс жақ 
Бабыл – Вавилон
Құддыс – Иерусалим
Кіңған – Палестина
Саранжил – Цейлон
Ямен – Иемен
Итжеккен – Сібір 
Ібір-сібір – Сібір елі
Гүржістан – Грузия
Төмен – Тюмень
Омбы – Омск 
Аштархан (Қажы-Тархан) – Астрахань
Саратау – Саратов облысы
Ірбіт – Иркутск
Жаманқала – Орск
Күлзім дария – Қызыл теңіз
Оман дария - Үнді мұхиты
Хабашстан – Эпиофия
Терең өзен – Днепр
Еділ – Волга
Азау – Азов теңізі
Мажар – Венгрия
Мадияр – Венгірлер
Ғажам жұрты – Африка жұрты
Қызылбас – Ирандықтар
Кәріс – Корей халқы 
Зәңгі – (Зұлыстар) Негр
Сарт – Тәжік 
Естек – Башқұрттар 
Жөйт, Жебірей – Еврей, израйлдықтар
Қарашекпен – орыс мұжықтар
Кәпір – дінсіздер
Тұран – орта Азияның жалпы атауы
Түркістан – Орта Азия және Қазақстанның ежелгі атауы
Дешті-Қыпшақ – ерте замандағы қазақ даласы
Қозыбасы – XV ғасыр алғашқы Қазақ ордасынының тігілген жері (Жамбыл облысы)
Көкше теңіз – Балқаш көлі
Хазар – Каспий теңізі
Аспантау (Тәңіртау) – Тянь-Шянь тауы
Жетісу – Қазіргі Алматы облысына қарайтын аумақтың ежелгі атауы
Сарыарқа – қазіргі Ұлытау, Көкшетау, Шыңғыстау аралық үшбұрыштағы аласа таулар мен төбелер, жазықтар тұтасқан қазақ жері
Фараб – Отырар
Ақмола, Қараөткел – Астана
Яссы( Иасы) – Түркістан
Ақмешіт – Қызылорда
Қызылжар – Петропавл қаласы
Жейхун – Әмудария
Сейхун (Сайхын) – Сырдария
Іңкәрдария – Сырдарияның бір саласы 
Сауық – Торғай өзені 
Кент – қала
Тұзкент – Павлодар
Теке – Орал
Үлбі – Өскемен
Жиделі Байсын – қазақ ұғымындағы ел-жұрт жұтамайтын киелі, бай жер. 
Тарихи көркем әдебиеттердегі және тарихи шығармаларда бір ізге түскен, түспеген әртүрлі атаулар көптеп кездеседі. Білім іздеген жастар оны анықтап, талдап, адасудан сақ болуы абзал.
Қысқасы оқыған сайын біле түсесің, дүдәмал дүниелер анықтала береді және оқымысты адамға көне сөз бен жаңа сөздің көп айырмашылығы да біліне бермейді. Ондай сөздерді олар өз еңбектерінде күнделікті әдеттегісіндей қолдана береді. Яғни, өткен мен бүгінгі уақыт кеңістігінде бірдей жүзіп жүреді. Олар білімпаз-ғұлама, әулие – машайықтар деп аталады. Өз басым ондай адамдар деп: Ә.Марғұлан, І.Есенберлин, М.Мағауин, А.Машани, М.Әуезов т.б. адамдарды атар едім. 
20 қазан 2020 ж. 581 0