Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАРТАСТАҒЫ ЖАЗУЛАР

ЖАРТАСТАҒЫ ЖАЗУЛАР


Тасын түртсең, тарихы сөйлейді. Осынау сөз Жетісудың Баянжүрек тауына қарата айтылғандай. Тауға өрлесеңіз, қара тастардың бетіне ойылып салынған жүздеген бейнені көресіз.

Баянжүрек Алматы облысындағы Қапал кентін басып өткен соң, жолдың оң жақ қапталынан көрініс береді. Баян­жүрек тауы батыстан шығысқа қарай 20 шақырымға созылып, биіктігі 2079 метрге дейін жетеді. Оны Жоңғар Ала­тауы­нан Қасқарау тау аңғары бөліп жатыр. Оңтүстік-батыс бөлігіндегі күн қақтаған үлкен қара тастардың бетіне ойылып салынған жүздеген бейнелер бар.
Тастағы суреттер, негізінен, қола дәуірде ойылып салынған. Тастағы суреттерде өгіздер мен түрлі жануарлар, арбалар, түрлі белгілер мен діни рәсімдер бейнеленген. Кейбір зерттеушілер бұл петроглифтердің арасында энеолит дәуіріне тән көне бейнелердің де бар екендігін айтады. Тас ғасырына жататын петроглифтер аз кездеседі. Бұлар – дәс­түрлі «аң» стилінде орындалған бұғылар, жабайы қабандар мен түрлі жануарлар. Орта ғасырда Баянжүрек жартастарына салт аттылар, жекпе-жек, садақ ұстаған адамдар, аң аулау түрлері бейнеленген.
Таудың Баянжүрек аталуы жөнінде халық арасында тарап кеткен аңыздар да бар. Солардың бірінде, бағзы заманда Қоң­тажының Баян атты сұлу қызы Ақадыр деген жерде жылқы жайып жүр­генде қалмақтың Сайынбөлек деген ба­тырын көріп ғашық болады. Жігіт жағы қызды айттыруға келсе, қарсы бол­ған әкесі батырларды сабатып тастайды. Оған қорланған Баян осы таудың жақпар биігінен құлап өліпті дейді.
Енді бір деректе, бұл сөз моңғолдың «баян» – бай, «зураг» – сурет деген сөзді немесе «Суретті жазуға бай тау» дегенді айтады.

15 маусым 2018 ж. 1 143 0