№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлты ұлықтаған ұшқыш

Ұлты ұлықтаған ұшқыш

«Кеңес дәуірінде Жеңіс күніне арналған салтанатты шарада майдан даласында ерен ерлігін көрсеткен ерекше майдангерді іріктеп, ең мықтысын ғана әскери шерудің алдыңғы шебіне қойып, ерекше құрмет көрсететін. Осындай парадта, аудандағы жалғыз ұшқыш радисі УАЗ автокөлігіне мінгізіп, көше бойлай жүріп өткізіп, зор қошемет көрсеткен еді». Бұл – ардагер ұстаз Әбдіхалық Әйтілеуұлының ұшқыш радист Зинабдин Мұсабаевқа қарата жазғаны. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік пен елдік жолында от шешкен қарт сарбаздың өнегесін алған Серік Мұсабай әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.
– Менің әкемнің көзін көргендер үнемі оның адами асыл қасиетін, бауырмалдығын, кең жүрек азамат екенін айтады. Өзім де әкемнің бойыма сіңірген тәлім-тәрбиесі мен өнегесі арқылы өмірде өз жолымды жаңылмай таптым деп санаймын, – деп бастады ардагер ұстаз, ауданның «Құрметті азаматы» Серік Мұсабай.
Халықтың қошеметіне бөленіп, көптің ойында адами асыл қасиетімен қалған майдангер Зинабдин Мұсабаев 1916 жылы Төменарықтың «Ойықты» деген жерінде туған. Жаңақорғандағы жетімдер тәрбиеленетін мектепте оқып, өмірдің ащы дәмін жастай тартады. Содан болар жауынгердің бұғанасы ерте қатып, қатарластарынан бұрын жетілгені. Сол мектепте Ә.Қансейтов, Ә.Мұхамеджанов, У.Жүсіпәлиевтермен бірге балалық дәуренін бірге кешті. Жеті жылдық мектепті бітіріп, Тәжікстан жеріне көшіп, сол біліммен-ақ, тәжік балаларына ұстаз болып, сауат ашу ісіне күш салған. Арада 3-4 жылдан соң, елге оралып, әскерге аттанып, Украйна майданына қатысады.
1940 жылы радист-ұшқыш училищесінде оқып, әскерге шақырту алады. Сондай-ақ Белоруссия мен Чехословакия операциясына қатысып, Берлинге дейін барады. Бомбордирновщик ұшағын басқаруды жетік меңгерген жауынгер немістің талай ошағын бомбалап, жоюға қатысады. Неміс жасағының алдыңғы шебін бұзып өтіп, соғыс жоспарын мүлтіксіз орындауға жауапкершілікпен қарады. Бомбордирновщик ұшағы екі ұшқыш, бір атқыш сиятын шағын техника. «Мен минометпен оқ жаудырып отыратынмын. Біздің ұшаққа қарағанда немістің ұшағы жылдамырақ. Кейде бізді қуып жүріп атқылайтын. Бірде ұшақ қанатына жарқыншақ тиіп, апаттық жағдай орын алды. Ұшқыш Алексей Рубцовтың шеберлігінің арқасында жерге қонып, аман қалдық» деген естелікте.
Соғыс қай солдатқа да жеңіл болмағаны рас. Осындай ауыр күндерді бастан кешкен жауынгер елге аман-есен оралып, отау құрып, ұрпақ өрбітті.
«1947 жылы әкем Қызданай Ысқаққызымен басқосып, 1948 жылы 11 мамырда өмірге тұңғышы болып келдім. Ізін жалғар серігім болсын деп, менің есімімді «Серік» деп қойған екен», – дейді ардагер ұстаз.
Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы педогогикалық институтын бітіріп, химия-биология мамандығын алып, 1956-1957 жылдарда №51 мектепте мұғалім болады. Аудан партиясында инструктур, Кеңес-Талап  колхозында парторг, №54 мектепте, кейін №53 А.Романов атындағы мектепте ұстаз болады. «Мечурин» деген лақап атпен танымал болған Зинабдин біліктілігімен ел есінде қалды. Ағартушылық жолды 43 жыл қызмет еткен кісінің алдында шәкірт болып, білімге жол бастаған Зинабдин Шермағанбетов, Адырбек Сопыбеков, Әбдіманап Құтжанов, Ажар Сүлейменова, Өмірсерік Тақырбасов, Сәулебек Дүйсебеков, Амангелді Молжанов, А.Кемелбеков, М.Молдабековтер ұстаздан тәлім алып, ол туралы естелік арқау еткен-ді.
«Әкем ұстаз. Мен де әкемнің жолын жалғап, ағартушылық салада еңбек еттім. Әкем ағарушы ретінде елге өте сыйлы болды, – дейді Серік Зинабдинұлы.
Қарт сарбаз Кеңес одағының маршалы Г.Жуковтың медальін, «Ұлы Отан соғысына» 30 жыл, 50 жыл және «Указом президума» 20, 40, 70 жылдық медальін тақты. Сондай-ақ партия басшысының «Құрмет» грамоталары, Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.
Осындай мағыналы да мәнді өмір иірімінде өнеге өрнегін көрсетіп, кейінгі ұрпағының тәлімді-тәрбиелі, білімді де білікті болуына әкелік өсиетін аямаған Зинабдин Мұсабайұлының ұрпағы ата даңқын асқақтатуды азаматтық борыш санайды. Бүгінде Зинабдин ақсақалдан 1 ұл мен 2 қыздан 40 немере, 19 шөбере, 7 шөбшек тарады.
– Облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова бастаған жалпыхалықтық шара маған да серпін беріп, өз әкемнің ерлік жолын ұрпағыма аманаттауды жөн көрдім. Жақсы әке балаға 40 жыл азық деп санаға құйған халықпыз. Әрбір перзент өз атасының, әкесінің жарқын бейнесін санасында сақтап, ерлік пен батырлықтың жолын білген абзал! – дейді Серік ағамыз.
Мақпал ПАТЕНОВА
12 мамыр 2020 ж. 930 0