№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Исмайловтың соғыс жолы

Исмайловтың соғыс жолы


Егер жолыңыз түсіп аудандық мұражайға бара қалсаңыз, ондағы ұлы Отан соғысына арнаған бөлімінде Ұлы Отан соғысын еске салатын жәдігерлерді көресіз. Соның бірі Тұрсынбек Исмайлов тиесілі сарбаз киімдері.

1978 жылы 3 мамыр. Сол күні жылдағыдай Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысы туралы түсірілген «Азаттық» киноэпопеясын көрсетіп жатқан. Тұрсынбек аға осы фильмді көріп отырып жүрегі ұстап, ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Киноэпопеяның үшінші сериясындағы Кеңес офицерінің фашистермен жекпе-жекте оққа ұшатын жері бар. Тұрсекеңнің соғыс кезінде осындай жағдайға кезіккені жөнінде бұрын естіген едік.
Ол кісімен аралас-құралас болып, соғыс тақырыбын жиі сұрайтынмын. Бірде көңіл-күйі жақсы болды ма, ашылып айтты. Айтқаны, әлгі кинодағы ауыр эпизот соғыс кезінде оның да басынан өтеді. Тұрсекеңнің жаралы жүрегі көтере алмай қайтыс болуының себебі де содан болса керек-ті...
Міне, содан бері 42 жыл өтті. Енді ол кісінің өмір жолы туралы сәл шегініс жасасақ. 1923 жылы 23 қарашада Тұрсынбек Құрбанәліұлы Жаңақорған қыстағында туған. 1933 жылғы аштықта әкесі Құрбанәлі мен анасы Шыман Құлымбетқызы екеуі тырбанып жүріп төрт перзентін аман алып қалады. Жаңақорғандағы бастауыш мектепті үздік бітіріп, Түркістандағы орталау мектебінде білімін шыңдайды. 1941 жылдың 10 маусымында сондағы «Ленин» орталау мектебін жақсы деген бағаға бітіреді. Ата-анасына көмектессем деген мұратын желге ұшырып соғыс басталды. Соғысқа үлкендер кетіп жатты.
Тұрсынбек құжаттарын Түркістан педучилищесіне тапсырып, бірден ІІ курсқа қабылданады. Бірақ оны бітіруге соғыс кедергі келтірді. 1942 жылы 27 тамызында әскер қатарына шақырылды. Сауатты жасты бірден 2-ші пулемет училищесіне қысқа мерзімді командирлер даярлайтын курсқа жібереді.
1943 жылдың 30 сәуірінде жас офицер мінген эшолон батысқа беттейді. Маусым айына дейін Воронеж майданында 38 армияның 204 двизиясының 706 полктің танкіге қарсы пулемет ротасында взвод командирі ретінде резервтегі офицер құрамында болады. 6 маусымда сол Курск доғасында өз взводымен соғысқа кіреді. Алма кезек шабуыл, бірін-бірі аңдып, кімнің күші басымдығын анықтау үшін жүргізілген «тамырын басып» көру болатын. Шілде айының 5-ші жұлдызында таңғы сағат төрттер шамасында Белгород қаласы маңында немістердің 7 жаяу әскер, 10 танк, 1 моторлы механикаландырылған двизиялары шабуылға шықты. Оларға қарсы құрамында бұлар бар. Атақты генерал Рыбалконың танк армиясы айқасқа түсті. Неміс әскерінің жоспарын алдын алған Кеңестік әскери басшылар қарсы шабуылға шығуға пәрмен береді. Бұл күндері аспан мен жердің арасы қалың түтінге оранып, ұшақтар мен танкілердің, зеңбіректің дауысы таңалакеуімнен басталып түннің біруағына дейін созылатын, дегенін естіген едім Тұрсекеңнің.
Бұл – Гитлердің Курск доғасындағы шабуылы нәтижесіз аяқталып, фашистердің жаралы арыстанша арпалысып жатқан кезі. Оқ пен оттың арасына түскен тың әскер апта аралығында ондаған шақырым ілгері жылжып, бірнеше хуторлар жаудан азат етеді. Бірақ фашистер де қарап жатпайды. Жоғалтқан позицияларын қайтару үшін қайта-қайта шабуылға шығады. Бірақ бұл кездері техникамен де адам күшімен де немістерден басым күшке ие болған Кеңес әскері кейін шегінбеуге бекем құрады. Олар бір ай бойы шабуылдап 5-ші тамызда Белгород, Прохоровка қалаларымен, Тамаровка, Мантуровск аудандарын жаудан азат етеді. Ахтырка қаласын азат ету шайқастары өте ауыр жағдайда жүргізіліп екі жақтан да көп шығынмен қала алынады. Осы қаланың түбіндегі Яблочная деген деревня түбінде кескілескен айқас болып, Тұрсынбек ауыр жараланады. Бекіністе жатқан бұларды немістер зеңбірекпен атқылап жатқанда жау оғы оның сол жақ иығынан тиеді. Бұл – 1943 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Тамаровканы азат етудегі шайқастағы ерлігі үшін ол өзінің алғашқы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Үш айға жуық Рязань қаласындағы әскери госпитальда емделіп шыққан жас лейтенант пулеметшілер взводының командирі ретінде 2-ші Прибалтика майданына жіберіледі. Ол осы майданда Великие Луки, Новосокольнивка, Невель қаласын азат ету ұрыстарына қатысады.
1944 жылдың қаңтары. Семеновка деген деревняны жаудан босату кезінде олар үлкен қарсылыққа душар болады. Майдан картасында 214-ші биіктік атанған төбеге орналасқан жау ДЗОТ-ы бұларды ілгері жылжытпайды. Полк командирінен Тұрсынбектің взводына қалайда осы биіктікті алуға бұйрық келеді. Ол өз жігіттерімен бірін-бірі оқпен демеп ДЗОТ-қа шабыл жасап, оны басып алып немістің 4 офицері мен 7 солдатын тұтқындайды. Тұрсынбек осы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, ал солдаттары түрлі медалдармен марапатталады.
1944 жылы 7 наурызда Семеновка деревнясы түбінде кезекті шайқас кезінде Тұрсынбек сол қолдан ауыр жараланады. Бұл оның соңғы шайқасы еді. Ол әуелде Ярославль, кейін Тюмень қаласындағы госпиталда емделеді. Бірақ, бүгіп-созуға икемге келмеген қолы үшін оны әскери комиссия ІІ топтағы мүгедек деп тауып, 1944 жылдың 12 желтоқсанында елге қайтарады. Кейін оның артынан «Жауынгерлік қызметі үшін» «Германияны жеңгені үшін» медалімен жауынгерлік «Александр Невский» ордені келді. Ал «Александр Невский» ордені полк командирлерінен төменгі шенді кіші командирлерге беріле бермейтін марапат екендігін ойласақ, оның осы марапатқа лайықты ерлігі болғандығын жақсы сезінеміз.
Ерлік пен елдікпен ұштасқан соғыс жолынан кейін Тұрсыкең бейбіт өмірге белсенді араласып, қайта қалпына келтіру жылдарында жауапкершілікпен еңбек етті. Алдымен Түркістан аудандық білім бөлімінде әскери инспекторы болып жұмыс істеді. 1946 жылдың қараша айында Жаңақорғанға ауысып, аудандық Жинақ кассасында (сберкасса), ал 1950 жылдың 8 желтоқсанынан өмірінің соңғы күніне дейін аудандық банкінің аға кассирі болып еңбек етті.
1946 жылы Болған Мырзатайқызымен бас қосып, отбасында 14 перзент сүйді.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК
02 мамыр 2020 ж. 749 0