№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Құйрық май қасиеті коронавирусқа ем бе?

Құйрық май қасиеті коронавирусқа ем бе?

Құйрық майды қазақтың кең таралған меншікті дәстүрлі емі деседе болады. Адам туғанда құйрық маймен сыланып, отбасылы болғанда құйрық-бауыр асатып, қайтқанда қырық шырағы құйрық майға шыланып бір өмірді өткізеді. Оның коронавирусқа емдік қасиеті бар ма?

Біз құйрық майдың емдік рөлін жиі айтқанымызбен қазіргі кездегі оған керағар пікірлерге ғылыми дәлел таппай қиналамыз, олар мал майының қандағы холестерин мөлшерін жоғарлатып, жүрек-қантамыр ауруларына ұшырататынын алға тартып жүр.
Алайда, қарапайым сұрақ, сіз өзіңіздегі артық қаражатыңызды қайда сақтайсыз? 
Әрине, банкке, болмаса қиыншылық кезінде оңай алып шығатын орынға. Малда сол секілді артық, жақсы қор заттарын май ретінде сақтайды. Әсіресе семіздікті көтеретін момындар. Қазірге дейін қойдың құйрық майын және емдік рөлін зерттеп жүрген адамдар жоқтың қасы. Халқымыз көп нәрсені біліп, дұрыс қолданған. Құйрық майда солардың қатарында. Енді төменде құйрық май туралы бұрын ізденіп, артынан ізденіске мойын бұрмай кеткен жазбамнан қысқаша шолу жасайын.
Қойдың құйрық майының негізгі құрамы төмендегідей:
май қышқылдары – лавр қышқылы (0,20%), миристік қышқыл (3,92% – 3,67%), палмит қышқылы (31,49% – 24,77%). , палмитол қышқылы (3,14% – 3,01%), маргарин қышқылы (4,32%), стеарин қышқылы (30,02% – 16,51%), олеин қышқылы (44,43% – 28,37%). (Unsal and Aktas (2003) and Unsal and Yanlic (2005) еңбектерінде).
Көріп отырғаныңыздай, ең көп үлесті, әдетте, олеин қышқылы, стеарин қышқылы, палмит қышқылы ұстайды. Шоколадтың да негізгі құрамы – осы үш май қышқылы. Ал ол пайдалы тағам ретінде қарастырылған.
Олеин қышқылы – жүрек-қантамыр ауруларының алдын алады. Жоғары температураға төзімді, тағамды қосып пісіру кезінде тұрақты, адам денсаулығына зиянды май қышқылдарына ыдырамайды. Қазірге дейін денсаулыққа кері әсері анықталмаған.Ол зәйтун майында көп болады. Зәйтүн майы калориясы өте жоғары, бір қасығы 100-ге жуық калория беретін тағам.
Стеарин қышқылы – ең көп таралған май қышқылдарының бірі. Ол көптеген жануарлар мен өсімдік майларында глицерол эфирі. Стеарин қышқылы өсімдік майына қарағанда жануарлардың майларында (30% дейін) көп (әдетте <5%). Басқа қаныққан май қышқылдарынан айырмашылығы – стеарин қышқылы ерлер мен әйелдердегі липопротеин холестериннің концентрациясына әсер етпейді. Көптеген зерттеулер оның ерлердегі тромбогендік және атерогендік қауіптің алдын алатынын көрсеткен. Стеарин қышқылы адам ағзасына биологиялық тұрғыдан улы емес.
Палмит қышқылы – бұл ағзаға зиянды және холестеринді жоғарылататын жалғыз қаныққан май қышқылы. Дегенмен қойдың құйрық майында басқа зиянсыз қаныққан май қышқылдардың жалпы мөлшерінен аз екендігін ескерсек, ол адам денесіндегі холестеринді жоғарлата алмайды. Көбінесе сабын, май шам, косметика т.б. өндірісте қолданылады.
Құйрық маймен неге денені сылайды?
Стеарин қышқылы теріні жұмсартып, ауа өткізгіштігін тездетсе, палмит қышқылы теріні қайта қалпына келтіріп, тез түлеуіне әсер етеді. Ал денеге сіңген олеин қышқылы жоғары қуат береді. Бала сылаумен, қар қылаумен осылай өседі.
Қойдың құйрық майындағы басқа пайдалы қасиеттері олардың жеген шөбі мен ішкен суына және нәсіліне байланысты. Пайдалысы жағынан отты жерде жайылған қазақтың қылшық жүнді қойы, Еділбай, Шу қой тұқымдары алда тұрады.
Шоколадтың орнына қойдың құйрық майын, зәйтүн майының орнына тамақ пісіріп жеуге әбден болады.
Дәрігерлер осылайша сылау, коронавирусқа ем болатынын айтты.
09 сәуір 2020 ж. 1 077 0