№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Рим императоры Августтың тарихта қандай ізі қалды?

Рим императоры Августтың тарихта қандай ізі қалды?


Б.д.д. 63 жылдың 23 қыркүйегінде Рим императоры Август дүниеге келді. Цезарьдің жиен немересі, соның өсиеті бойынша баласы саналған. Б.д.д. 31 жылы Акция түбіндегі шайқаста Рим қолбасшысы Марк Антоний мен Мысыр патшайымы Клеопатраның әскерін жеңіп, елде Цезарь өлгелі бері басталған азамат соғысын тыйды.

Август Рим империясын б.з.д. 27 – б.з. 14 жылға дейін, яғни өмірінің соңына дейін басқарған алғашқы император. Толық есімі – Гай Юлий Цезарь Октавиан Август. 
Билікке қайсар мінезінің арқасында қол жеткізді. Елді өте сақтықпен биледі. Ол Римнің қаржы саласына, салық төлеу жүйесіне реформалар енгізді.
Август ысырапшылық, некесіздік, жарының көзіне шөп салу сияқты теріс қылықтардың жолын кесуге бағытталған қатал заңдар шығарып, көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер жасайтын заңдар қабылдады.
Ол империяға қатысты әрбір іске барынша мән беріп, әрбір іске білек сыбана кірісті. Империяның шет аймақтарын қорғау үшін әскер жасақтап, әскери теңіз флотын құрды.
23 қыркүйек 2019 ж. 847 0