Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді?

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді?

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусымда өткізеді және бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарт бойынша алғашқы жұдырықтасу болмақшы, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы" газеті.

Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) мен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр.
ExpressNews.com мәліметнше, жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып отыр: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас.
GGG ісін жүргізетін Том Леффлермен тілдескен промоутер Лестер Бедфордтың айтуынша, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылып отыр, өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорк және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан.
"Бізде Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға шынымен жақсы мүмкіндік бар сияқты. Апта соңында анық болады", - дейді Бедфорд.
28 наурыз 2019 ж. 838 0