№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Екі боксшы бірден нокдаунға түсті (Видео)

Екі боксшы бірден нокдаунға түсті (Видео)

Бокста түрлі жағдайлар болады. Қызықтысы бар, қайғылысы бар, өкінішті сәттері де жетерлік. Жуырда кубалық Иросвани Дювергел (5-0, 3 КО) мен америкалық Джерхедо Фендорсон (5-10, 2 КО) арасында өткен жекпе-жекті жұрт көпке дейін айта жүретін болды.
Бокс кеші Голливудтағы (Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel & Casino қонақ үйі кешенінде өткен. Үшінші раунд соңында боксшылар бір-біріне бір сәтте соққы жасап, екеуі де нокдаунға түсті. Нәтижесінде Дювергел ринг арқанына сүйеніп тұрса, Фендерсонды төреші есеп ашып барып тұрғызды.

Боксшылар бұл нокдаунмен де тоқтап қалған жоқ. Бір-бірін тізерлетумен болды. Дегенмен жекпе-жек соңына дейін жалғасып, америкалық боксшы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

ДЕРЕККӨЗ: massaget.kz сайтынан.
21 мамыр 2019 ж. 1 070 0