ГОЛОВКИН БАПКЕРІН АУЫСТЫРДЫ
Қазақ елінің мақтанышы, аты әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин ресми түрде өз бапкерінен кеткенін мәлімдеді.
– Мен сіздерге маңызды хабарландыру жасағым келеді, бұл маған жәнеде менің мансабыма тікелей маңызды шешімнің бірі. Менің бағындырған белстерім аз емес әліде бағындырумен келемін. Сондықтан мен Абель Санчез бапкеріммен жұмысымды тоқтатуға бел будым. Бұл шешім маған оңайға соққан жоқ, Абель өте мықты бапкер, керемет адам, ол маған бокстағы білгенінің бәрін үйретті сондықтан ол кісіге алғысым шексіз. Жаңа бапкеріммен кейінрек таныстырамын деп жазды - #GGG өз инстаграм парақшасында, – ол.
Сондай-ақ, Головкин жақында жаңа бапкерін таныстыратынын айтты. Жазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары қазақстандық боксшыны енді кім жаттықтыратынын табуға тырысуда.
Көпшілік GGG-дің жаңа бапкері ретінде Анатолий Ломаченконы көргілері келетінін жеткізді.
Айта кетейік, 8 маусым күні Головкиннің жеңілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болады. Яғни, ол келесі кездесуде шаршы алаңға Стив Роллспен шығады.