№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ағылшын премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам гол соғылды

Ағылшын премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам гол соғылды

"Саутгемптон" командасының ирландиялық ойыншысы Шейн Лонг ағылшын премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам голды соқты. Ол "Уотфордқа" қарсы ойында тарихи нәтижесін тіркеді. "Уотфорд" командасы алаңында өткен ойында Шейн Лонг 7 секундта-ақ өз командасын алға шығарды. Қорғаушы тепкен допты қайтарып алып, қақпашымен бетпе-бет шыққан бойда допты қақпаға бағыттап үлгерді.
Екі команда арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Осыған дейін ең жылдам гол "Тоттенхэм" командасы сапында ойнаған Ледли Кинг еншісінде болатын. Ол 2000 жылдың 9 желтоқсанында "Брэдфорд Сити" командасы қақпасына 9 секунд ішінде гол соққан болатын.

ДЕРЕККӨЗ: massaget.kz
24 сәуір 2019 ж. 1 223 0