Бүгін әлемге аты шыққан Геннадий Головкин 37 жасқа толды

Былғары қолғап шебері 1982 жылы сәуірдің сегізі күні Қарағандыда дүниеге келген.
Геннадий үйленген. Қазіргі таңда ол Алина есімді жұбайымен екі ұл бір қыз тәрбиелеп отыр.
Ол сегіз жасынан бокспен айналысып, алғаш рет өзінің әуесқой мансабындағы ресми кездесуін 11 жасында өткізді.
2000 жылы жастар арасында әлем чемпионы, 2001 жылы алғашқы қазақстандық Спартакиада жеңімпазы, 2001 жылғы мұнай елдері арасындағы Әлем кубогының жеңімпазы, ІІІ Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001 ж.), 2003 жылғы Әлем чемпионы, Афинадағы XXVIII жазғы Олимпиада ойындарының финалисті (2004 ж.) атанған.
Геннадий Головкин 2006 жылы кәсіби боксқа ауысты.

Геннадий Головкин USA Today беделді америкалық басылымының нұсқасы бойынша "Жыл боксшысы" атанды.
Сондай-ақ, Головкин Ring журналы оқырмандарының болжамы бойынша "Жыл боксшысы" атағына қол жеткізді.

Айта кетерлігі, 2018 жылы 15-і қыркүйекте GGG Сауль Алвареспен өткен екінші шайқаста жеңіліс тапты. Бұл Головкиннің мансабындағы алғашқы жеңіліс болды.