Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СІЗ СПОРТ ЗАЛҒА БАРАСЫЗ БА?

СІЗ СПОРТ ЗАЛҒА БАРАСЫЗ БА?

   Төл газеттің №23 (8241) нөмірінде аудандық тарихи-өлкетану музейіне бас сұғып, мәдени-тарихи орталықтың тарихи сананы тереңдетіп, өз-өзімізді танудағы орнына тоқталған едім. Ал, №24 (8242) нөмірінде аудандық кітапханаға барып, кітаптың адам зейіні мен зердесін кеңейтудегі рөлін зерделедім. Енді ертелі-кеш ұялы телефонға телміріп, өзге түгіл, өзін ұмытып кететін жастар салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатынын анықтауға тырыстым.

   Бұл жолы орталық алаң мен базарға бармай-ақ бірден спорт залдарға тарттым. Алдымен Жаңақорған спорт клубының есігін аштым. Клуб басшысы Болат Сабырхановқа мән-жайды түсіндіргенім сол еді: – Кез-келген адам салауатты өмір салтын ұстануы керек. Оған дұрыс тамақтану, дене жаттығулары, жаман әдеттермен күресу бір сөзбен айтқанда адамның рухани денсаулығын нығайтуға бағытталған әрекеттер жатады. Егер адам баласы денсаулығын күтіп, нығайтса ұзақ әрі белсенді өмір сүретіні анық. Өкінішке орай, салауатты өмір салтының қарапайым қағидаларын сақтамаймыз. Кейбіреулері аз қозғалыста болады, енді бірі дұрыс тамақтанбайды. Басым бөлігі темекі тартатындар және ішімдік ішетіндер. Бұның бәрі денсаулыққа кері әсерін тигізеді және ерте ме, кеш пе ауруға душар етеді. Көпшілігі ауруға шалдыққан кезде ғана денсаулықты сақтау керектігін еске алады. Сауығып кеткен соң, аурудың алдын алу, аурудың асқынуына жол бермеу үшін ешқандай әрекет жасамайды. Деніңнің сау болуы мен ұзақ өмір сүруің тек өзіңе ғана байланысты. Осы бағытта жастармен және мектеп оқушыларымен үнемі қарым-қатынаста болып, осы жолда жұмыс жасап келеміз, – деді спорт клубының басшысы.
Одан кейін Ғалымжан Өсербаев пен Дәулет Ниязбековтың күрестің әліпбесін үйренген биыл ашылғанына 50 жыл толатын № 7 Жаңақорған ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне аяқ бастым. Еркін күрес бөлімінің аға жаттықтырушысы Илман Изатовпен сөйлескенімде: - Бұл орталықтан Қазақша күрес спорт түрінен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы, 2014 жылы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Утешов және Қазақстан Республикасының жеңімпазы, белбеу күресінен Әлем біріншілігінің жеңімпазы Рахымберді Абдрашид шыққан. Бокс, волейбол, тоғызқұмалақ, дзюдодан әлемді мойындатқан жеңімпаздарымыз бар, – деді әр спорт саласының жаттықтырушылары.
Бұл тақырып толығымен алдағы санда жарияланатын болады.
Бір қуантатыны, биыл ондаған спорт кешені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерді. Былтыр бағдарлама аясында ашылған мекен бар. Қайта жаңғырып, спорт кешені құрылған еді. Жаңадан ашылған орталықта ауыр атлетика, шахмат, таэквондо, қазақша күрес және дзюдо спорт түрлері бойынша 320 бала келеді екен, оларға өз саласының майталмандары әдәс-тәсілдерді үйретеді, – деді методист Диляра Мусаева.
  Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонан соң өзіміз қайта күрбең тіршілік соңында кете береміз. Бірақ, денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет ететінін естен шығармасақ екен.
Қалада спорт орталықтары қаз-қатар тізіліп тұрмаса да, іздеген адамға кездесетін арнайы жаттығу залдары бар. Ал, ауылдар көштің соңында келеді. Олай болуға себеп те жоқ емес. Бірақ, ауылдарда арнайы спорт орталықтары қарастырылмаған деп те айта алмаймыз. Осы орайда аудан орталығынан өз қаражатына жаттығу залын ашып, ішін американдық құрылғыларға толтырған Шыңғыс Азнабаевқа жолыққан едік. Оның сөзінше, қазіргі жастар жансыз құлтемірге айналған. Өзім бала кезімнен спортқа жақын болдым, болашақта жаттығу залын ашамын деп армандайтынмын. Арманым орындалды. Тепсе темір үзетін жігіттер мен қыздар бос уақыттарын арзанқол орындарда емес, спортзалда өткізсе деймін. Жерлестеріміз спорттың қай саласы болмасын, жұртшылық қызыға қарайтын жетістіктерді еншілеп жүр. Бәсі биік бәсекелерден топ жарып, қанжығалары майланбай қайтқан кездері болған емес. Бұл – аймағымыздағы спорт саласының айтарлықтай салмағының бар екендігін көрсетеді. Мәселен, мына залда елу-алпыс адам жаттығумен тұрақты түрде айналысады. Олардың жиырмасы 40 пен 60 жас арасындағы кісілер болса, қалғаны жастар мен оқушылар.
Жаттығу залынан ерекше көзге түскен қыз-жігіттерді сөзге тарттық. Батырхан Сейтқали №51 орта мектептің 11 сынып оқушысы спортпен айналысқанына 3 жыл болыпты. Шыңғыстың шәкірті, қол күрестен облыс чемпионы екен. Ал, 21 жастағы Ақерке Мұхтарқызы болса осы залда тұрақты түрде айналысқанына 8 ай болыпты. Мен дене бітімімді қалыпты ұстау мақсатында келемін. осында мына тұрған темірлерді күніне бір көрмесем кәдімгідей ауырып қаламын, – деді. Осындайда спортты жаны сүйетін, өмірлік серігі еткен жастарды көргенде, қуанып қаласың.
   Осы жерде қалаға бергісіз Шыңғыстың жаттығу залынан Азия чемпиондары мен әлем чемпиондары шыққан. Ол мүмкіндігі шектеулі балалармен және жастармен жұмыс жасайды. Оған дәлел, кеше наурызда қол күрестен шәкірті Батырхан Сейтқали облыс чемприоены атанып келді. Осы спорт түрі паролимпиада жоспарына енді. 2022 жылы өтетін паролимпиадаға шәкірттер дайындау үстіндемін қазіргі уақытта деді. Өзбекстанда өткен Жастар арасынан жарыста Мақсұт Шерхан 2 дүркін азия чемпионы 1 орын, көру қабілеті нашар Абусейіт Реметов 2 орын алса, есту қабілеті төмен Радбек Фазылов 3 орыннан көрінген. Осындай жетістіктері бар. Спортпен шұғылдану сәнге айналған заманда жастар да, егде тартқан адамдар да спортты өмірлік стиліне айналдырса болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі жарқын болмақ.
  Тәуелсіздік алғанымызға бақандай ширек ғасыр өтті. Осы уақытта әр ауылға спортзал мен мәдениет үйін салу күрмеуі шешілмейтін, тігісі жазылмайтын мәселе дей алмаймыз.

Лаура БИБАСАРОВА.
08 сәуір 2019 ж. 708 0