Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ​АУЫР АТЛЕТИКА: ҒАЗИЗА КҮМІСПЕН ОРАЛДЫ

​АУЫР АТЛЕТИКА: ҒАЗИЗА КҮМІСПЕН ОРАЛДЫ


Ауыр атлетика спорты да ауданда даму жолына түсті. Жасөспірімдердің облыстық сындарда олжалы оралып жүргені келешекке сеніммен қарауға көп мүмкіндік береді.

Әсіресе, қыздардың аяқалысы жаман емес. Ал, жуырда алғаш рет ел чемпионатында қанжығамыз майланды. Асылқожа Сағатов баптайтын Ғазиза Сәрсенбек күміспен сүйіншіледі.
71 келіде өнер көрсеткен түгіскендік ару бұған дейін де жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген болатын. Алайда, бұл жолғы жеңісі Сыр елінің мерейін үстем етті. №8 мектептің түлегінің ертеңіне үлкен үмітпен қараймыз. Сондықтан, осындай қыздарға әрқашан демеу болып, жанкүйерлік таныта білсек болғаны.
06 наурыз 2019 ж. 989 0