№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » UFC: ДАМИР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

UFC: ДАМИР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-де екінші кездесуін өткізген Орынбордың қазағы Дамир Исмағұлов бұл жолы да жеңіске жетті. Иә, қандасымыз бұл жолы Чехияның бас шаһары – Прагада Испанияның өкілі Хоэль Альвареспен күш сынасты. Нәтжесінде, Дамир жеңді. 
Қарсыласы испандық осы күнге дейін 16 кездесу өткізіп, 15 рет басымдық танытыпты. Сол жеңістерінің барлығын Пиреней түбегінің түлегі қарсыластарын «қылқындыру» әдісімен ұтқан еді. 
Сонымен, үш раундтың қорытындысы бойынша барлық төрешілер қазақ жігітінің мықтылығын мойындады. Дамир үшін бұл UFC-дегі екінші жеңісі. Былтыр ол Австралияның Аделайда қаласында жергілікті спортшы Алекс Горгисты ұпай санымен ұтқан еді. Ал ережесіз жекпе-жекте қандасымыз барлығы 20 кездесу өткізіп, 18 рет жеңіске жетіп отыр.
24 ақпан 2019 ж. 630 0