» » ҚОЛА ҚҰТТЫ БОЛСЫН, СЫР ЕЛІ!

ҚОЛА ҚҰТТЫ БОЛСЫН, СЫР ЕЛІ!

 Шымкент қаласында бокстан 2001-2002 жылы туылған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Сыр намысын қорғаған Бектас Азамат 3 орынды иеленді. 
     Жалпы, Азамат осыған дейін халықаралық додаларда ел атынан сынға түсіп, жүлделі оралып жүр. Мәселен, 2015 жылы Степногорск қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында дара шықса, 2016 жылы Орал қаласында өткен кадеттер арасындағы ел біріншілігінде үшінші орын алады. 2017 жылы Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған халықаралық дәстүрлі турнирде жеңімпаз атанады. Сол жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық турнирде топ жарып, Филиппиннің Пуэрто Принцесса қаласында жалауы желбіреген Азия чемпионатына жолдама алады. 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында күміспен оралады. Грецияның Солоники қаласында өткен аламанда тұғырдың биігінен көрінді. 
Айта берсек жетістк көп, сондықтан біз жерлес боксшыдан үлкен үміт күтеміз. Құрбаш Саркуловтан тәлім алған Азамат қазір Дінмұхаммед Абайханның қол астында жаттығады.
Тағы да жеңіс құтты болсын, Сыр елі!

24 ақпан 2019 ж. 708 0