№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ: 9 ЖЫЛДА ҚАЗАҚ БОКСЫНА ҚАНДАЙ ҮЛЕС ҚОСТЫ?

МЫРЗАҒАЛИ АЙТЖАНОВ: 9 ЖЫЛДА ҚАЗАҚ БОКСЫНА ҚАНДАЙ ҮЛЕС ҚОСТЫ?

Бұл туралы zhanaqorgan-tynysy.kz Қазақстан және Әлем жаңалықтары сайтына сілтеме жасап зерделеп көрді. Алдымен, білікті бапкердің өмірін бастасақ.
Мырзағали Құланұлы Айтжанов 1970 жылы 13 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қарабастау ауылында дүниеге келген. Жастар арасында Кеңес Одағы кубогының күміс жүлдегері, КСРО және Еуропа чемпионы. 

Ұлттық құрамадағы 9 жыл 
Афины Олимиадасынан кейін құрама тізгінін Дамир Буданбеков ұстаған болатын. Бірақ 2009 жылы Миландағы әлем чемпионаты Қазақстан боксы үшін сәтсіз болды. Жерлестеріміз Серік Сәпиевтің жалғыз қоласын қанағат тұтты. Чемпионаттан кейін федерацияға жаңадан президент болып тағайындалған Тимур Құлыбаев бас бапкерді ауыстырады. Оңтүстікте жүрген жас маман Мырзағали Айтжанов бас командаға шақырылды. 

Айтжанов бас бапкер ретінде ең алдымен 2010 жылы ұлттық құраманы Қытайдың Гуанжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарына алып барды. Ол кезде Серік Сәпиев (69 келі) пен Данияр Елеусінов (64 келі) чемпион атанды. Екеуі де кейіннен Олимпиада ойындарының алтынына ие болды. Жүлдегерлер қатарында Біржан Жақыпов (49 келі, күміс); Иван Дычко (+91 келі, күміс), Данабек Сужанов (75 келі, қола) бар. Жалпы командалық есепте үшінші орын бұйырды. Кез келген спортшы, бапкер үшін ең басты дода әрине, Олимпиада ойындары. Мырзағали Құланұлының 4 жылда бір келетін мәртебелі жарыстағы дебюті 2012 жылы Лондонда басталды. Ұлыбритания астанасында екі қазақ боксшысы финалда өнер көрсетіп, біреуі алтын, екіншісі күміске ие болды. Сондай-ақ 1 қола медаль бар. 

Ал қазақ боксшыларының және Мырзағали Айтжановтың даңқын аспандатқан 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионаты. Алатау баурайында біздің боксшылар 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальды еншілеп, дүние жүзі бойынша командалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Осы сында Біржан Жақыпов чемпион атанса, Айтжановтың тағы бір шәкірті Қайрат Ералиев қола жүлдеге ие болды. 
Алматыдағы әлем чемпионатының алдында Иордания астанасы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қазақ боксшылары өздерінің рекордтарын жаңартты. Финалға шыққан 8 боксшының жетеуі құрлық чемпионы атанды. Тек Әділбек Ниязымбетовтің ғана жолы болған жоқ. Бұл – Қазақстан құрамасының Азия чемпионаттарындағы рекордтық нәтижесі. 

2014 жылы Инчхондағы XVII жазғы Азия ойындары боксшылар мен бапкерлер штабына ерекше сынақ еді. Өйткені, бір жыл бұрын құрлық және әлем біріншілігінде Қазақстанның атағы аспандады. 
Ең жеңіл салмақтағы Жақыпов Гуанжоудағыдай финалға дейін қиналмады. Бірақ ақтық сында Корея боксшысы Джонгун Шиннен ұтылып, тағы да алтын медаль сусып кетті. Ал өзге салмақтағы финалистердің барлығы алтынды бірінен соң бірін еншіледі. Бокстан Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды Сүлейменов әперді. 69 келідегі Данияр Елеусінов қазақ боксшыларының арасынан алғаш болып, екі дүркін чемпионы атанды.
Бүгінгі күні кәсіпқой боксқа ауысып кеткен Жәнібек Әлімханұлының әуесқойдағы соңғы жарқылдаған кезі осы Инчхон шығар. 75 келіде қарсылас шыдатпаған, Әлімханұлы Азия ойындарында әдемі бокс көрсетті. Үнемі ірі додаларда екінші орыннан әрі аса алмай жүретін Әділбек Ниязымбетов финалда шаршы алаң қожайыны Хонгкью Кимді қиналмай ұтты. Қарсыласы жерлесіміздің мықтылығын мойындап, екінші орынды қанағат тұтты. 

Әлімханұлы мен Сүлейменов секілді 91 келідегі Антон Пинчуктің де соңғы рет халықаралық аренадағы ірі табысы деп Азия ойындарындағы алтынын айтуға болатын шығар. Антон Инхчонда бұған дейін екі рет есе жіберген өзбек Тулагановты, Оңтүстік Кореяның мықтысы Пак Нам-Енді де жарыс жолынан шығарды. Соңғы қарсыласы Али Мазахериді жақсы дайындықтың арқасында жеңді. Гуанжоуда күміспен шектелген Иван Дычкоға да Азия ойындарының чемпионы деген атақ Оңтүстік Корея жерінде бұйырды. 

Мырзағали Айтжанов тұсында Қазақстан бокс құрамасында үнемі жеңіс ғана бола берген жоқ. Арасында сәтсіздіктер де орын алып тұрды. Мысалы, біздің боксшылар 2011 және 2015 жылғы әлем чемпионаттарынан алтынсыз қайтты. Биыл Индонезияда өткен Азия ойындарында да бірде-бір чемпион шыққан. Осыдан 4 жыл бұрын 6 боксшымыз алтын алып, аз уақыттың ішінде бір алтынға зар болып қалуымыз жанкүйерлердің көңіл күйін түсірген жасырын емес. 

Айтжановтың тұсында жұлдызы жанған құрама боксшылары 

Мырзағали Айтжановтың тұсында ұлттық құрамада жұлдызы жанған боксшылар жетерлік. Бұл тізімге Серік Сәпиевті қоспай-ақ қойсақ болатын шығар. Ол Айтжановқа дейін-ақ 2 дүркін әлем чемпионы атанып үлгерген. Өзге боксшылардан бірінші кезекте Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетовті айта аламыз. Алғашқысы әуесқой бокстағы барлық атақ-даңққа қол жеткізді. Маңғыстаудың талантты боксшысы Әділбекке тек Олимпиаданың алтыны ғана жетіспейді. Өзгесінің бәрі бар. 

Мырзағали Айтжановтың тұсында елге танылған боксшылардың жетістіктері: 

Данияр Елеусінов – Олимпиада чемпионы (2016), Әлем чемпионы (2013), Азия ойындарының жеңімпазы (2010, 2014); 
Әділбек Ниязымбетов – Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (2012, 2016), Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2011, 2013), Азия ойындарының жеңімпазы (2014); 
Василий Левит – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2016), әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы (2015, 2017); 
Иван Дычко – Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері (2012, 2016), әлем чемпионатының жүлдегері (2013 және 2015 күміс, 2011 жылы қола), Азия ойындарының жеңімпазы (2014); 
Қайрат Ералиев – әлем чемпионы (2017); 
Жәнібек Әлімханұлы – әлем чемпионы (2013), Азия ойындарының жеңімпазы (2014), Азия чемпионы (2013); 
Біржан Жақыпов – әлем чемпионы (2013), Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері (2010, 2014). 
Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Абылайхан Жүсіпов, Антон Пинчук, Әбілхан Аманқұл, Қамшыбек Қоңқабаевтардың бәрін қосса да жарасады. 

Айтжановтың тұсындағы құраманың жетістігі: 

Олимпиада ойындары – 2 алтын, 3 күміс, 2 қола; 

Әлем чемпионаты – 5 алтын, 8 күміс, 7 қола; 

Азия ойындары – 8 алтын, 6 күміс, 4 қола; 

Азия чемпионаты – 15 алтын, 7 күміс, 6 қола. 

Әлемнің екі мәрте үздік бапкері атанған 

Мырзағали Айтжанов қазақ бапкерлері арасында әлемнің екі дүркін үздік бапкері атанған жалғыз маман. Ең алдымен 2013 жылы Алматыдағы әлем чемпионатындағы табысы үшін, 2014 жылы Инчхондағы жазғы Азия ойындарындағы табысы үшін АИБА тарапынан осындай зор құрметке бөленді. 

Құрамада жаңа жаттықтырушы 

Жақында Мырзағали Айтжанов қызметінен кетті. Оның орына жастар құрамасын баптаған Ғалымбек Кенжебаев тағайындалды. Сәттілік серік болсын дейміз...


22 ақпан 2019 ж. 886 0