№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » КРИШТИАНУ: ЮВЕНТУС ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНІҢ АРМАНЫН ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛДЫРА АЛА МА?

КРИШТИАНУ: ЮВЕНТУС ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНІҢ АРМАНЫН ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛДЫРА АЛА МА?

Әрине, футбол бұл командалық ойын, десе де, Роналду сынды футбол мықтылары қай команданың болсын еңсесін тіктеп, ұжымға жігер берері анық.
Иә, 33 жастағы португалдық жарық жұлдыз Криштиану Роналду туриндік клубқа ауысқалы футбол әлемінде үлкен сенсация орын алды. Көпшілік Роналдуды Реалдан кетуіне түрлі себеп іздеп әуре болып жатқанда, Ювентус жанкүйерлері Чемпиондар Лигасын жеңу арманының орындалуына бір қадам жақындады деп қуанды. Қуанатындай себеп бар, қазір португалдық клуб үшін ол 13 ойын өткізіп, 9 гол соқты және 5 голдық пас берді. Соның арқасында клуб "А" сериясында көш бастап тұрса, ЧЛ-да 12 ұпаймен келесі кезеңге жолдама алып қойды.
Бесінші тур аясында өткен Валенсияға қарсы ойында өзі гол салмаса да әріптесіне жеңіс голын соғуға көмектесті. Ойынның 59-минутында Манджукичке әдем пас шығарып берді, ал хорватиялық форварт бос қалған қақпаға допты тоыға салды. 
Одан бөлек Юнайтедке қарсы ойында да тамаша өнер көрсеткен болатын.
Жалпы, Криштиануды
ң бойында жеңіске деген құлшынысы, жігері бар ойыншы, оның осы мінезінен командаластары рух алатынына күмән жоқ. Ең бастысы, Роналду қазіргі кездегі клубтың символына айналып келе жатыр деуге болады. Енді бір ойыннан кейін топтық кезеңді қорытатын туриндіктер Криштен көп үміт күтеді.
Айта кетейік, кеше Роналду та
ғы бір рекорд орнатты. Ол ЧЛ тарихында 100 ойын жеңіске жеткен алғашқы ойыншы атанды. 
Әзірге әлем футболының жұлдызы италиялық клуб үшін олжа десек болады. Қалғаны уақыт еншісінде...
29 қараша 2018 ж. 730 0