» » "Реал" Роналдумен қош айтысты

"Реал" Роналдумен қош айтысты

 
Мадридтің "Реал" футбол клубы Криштиану Роналдудың командадан кеткенін хабарлады. Сондай-ақ футболшының "Ювентустегі" спорттық мансабына сәттілік тіледі. Туриндік клуб футболшыны қатарларына қосқанын ресми түрде хабарлаған жоқ.
Дегенмен португалдық футболшының италиялық командаға ауысатыны күмәнсіз секілді. Криштиану Роналду корольдік клуб сапында 9 жыл ойнады. Команданың нағыз көшбасшыларының бірі болды. Клуб ресми сайтында футболшыға алғысын білдірді. - Роналду Ювентуске ауысуға келісті. Клуб және әлем футболы тарихында айрықша ойынымен көзге түскен футболшыға зор алғыс білдіреміз. Команда сапындағы жүлделерден өзге нағыз талант пен еңбектің нәтижесін көрсетіп, үлгі болды. "Реал" футбол клубы сапында 438 ойынға қатысып, 451 гол соғып, команда тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. 16 бірдей чемпиондық атаққа ие болды. Жекелей талай марапаттарды иеленді. "Реал Мадрид" әр кез үйің болып қала береді, - деген ресми хабарламада.

11 шілде 2018 ж. 959 2

Гость Jeahulalf от 19 ақпан 2019 23:00
order accutane online uk buy cialis online Viagra Shop Deutschland Viagra Cialis Gunstig

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 20:49
Canada Ian Pharmacy Natural Amoxicillin canadian pharmacy cialis Cialis In Spanien