№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАР ОЛИМПИАДАСЫ: НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?

ЖАСТАР ОЛИМПИАДАСЫ: НӘТИЖЕ ҚАНДАЙ?



Төртжылдық басты спорт додасының бірі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада мәресіне жетті. Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен 3-ші жасөспірімдер Олимпиадасы Қазақстан үшін сәтті болды. Спортшылар 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш бұдан бұрын өткен Олимпиадалардағы нәтижелерден жоғары. Енді тарихқа көз жүгіртіп өтейік.

Ең бірінші жасөспірімдер Олимпиадасы Сингапурде өткен болатын. Оған 47 спортшымыз қатысты. Сол ойындарда жеңімпаз болған балуанымыз Жәнібек Қандыбаев Қазақстаннан шыққан жасөспірімдер Олимпиадасының тұңғыш чемпионы деген атаққа ие болды. Жәнібектен бөлек, ауыр атлет Жазира Жапарқұл мен дзюдошы Қайрат Ағыбаевтар чемпион болған. Таеквондошы Нұрсұлтан Мамаев пен ауыр атлет Зульфия Чиншанло күміс медаль еншілеген. Күрестен Ақан Баймағамбет пен ауыр атлет Рүстем Сыбай қола медаль жеңіп алған болатын. 
Араға 4 жыл салып, екінші жасөспірімдер Олимпиадасы Қытайдың Нанкин қаласында өтті. Қазақстандық журналистердің арасынан осы жарысты көру бақыты маған бұйырды. Жасөспірімдер Олимпиадасы деген аты ғана, әйтпесе ұйымдастырылуы жағынан кәнігі Олимпиададан еш кем емес дер едім. Бұл ойындарда қазақстандық спортшылар 8 медаль жеңіп алды. 
Алтын (3): Бауыржан Жауынтаев (дзюдо), Абылайхан Жүсіпов (бокс), Қуатбек Мұхамбет (еркін күрес); 
Күміс (1): Вадим Казаков (бокс); 
Қола (4): Евгений Поливадов (грек-рим күресі), Жасұлан Калиев, Татьяна Капустина (ауыр атлетика), Виктория Гуслякова, Амина Қожахат, Нұрай Құмарова, Дарья Медведева, Әлия Молдахметова (ритмикалық гимнастика, топтық жарыс). 
Яғни, өздеріңіз байқап отырғандай саны жағынан да, алтынның көптігінен де, Аргентинада өткен 3-ші жасөспірімдер Олимпиадасы Қазақстан үшін сәтті өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жайында алдағы уақытта кеңінен тоқталатын боламыз.
19 қазан 2018 ж. 1 170 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 03:23
Amoxicillin Used To Treat Hidradenitis Suppurativa Acheter Propecia Finasteride levitra 20mg bayer Lexapro No Perscription Viagra Baclofene En Belgique Free Viagra Sample

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 05:04
Super Priligy Acheter Clomid Sans Ordonnance Propecia Ivi antabuse buy online chipper Baclofene Dependance