№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Кениялық марафоншы әлем рекордын жаңартты

Кениялық марафоншы әлем рекордын жаңартты


Кениялық желаяқ Элиуд Кипчоге Берлин марафонында бірінші болып келіп, әлем рекордын жаңартты. Ол марафон қашықтығын 2 сағат 1 минут 39 секундта бағындырған алғашқы спортшы атанды. Осыған дейінгі әлем рекорды отандасы Деннис Кимметоның еншісінде еді. Ол 2014 жылы дәл осы Берлин марафонында 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 2 минут 57 секундта жүгіріп өткен болатын. Биылғы Берлин марафонында екінші және үшінші орындарға да кениялық желаяқтар Амос Кипруто мен Уилсон Кипсанг ие болды. Негізінен Германиядағы бұл марафон 1974 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Элиуд Кипчоге өткен жылы да жеңімпаз атанған. Элиуд Кипчоге - әлемдегі ең танымал жеңіл атлеттердің бірі. 2016 жылы Риода өткен жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. 2017 жылы кениялық спортшы Nike компаниясы ұйымдастырған жарнамалық марафонда мәреге 2:00:25 уақыт көрсеткішімен бірінші келген. Алайда бұл рекорды есепке алынған жоқ. Сондай-ақ спортшы биыл Лондон марафонында да топ жарды.

ДЕРЕККӨЗmassaget.kz сайтынан.
18 қыркүйек 2018 ж. 850 0