№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Каратэші қыз Азия ойындарында алтын медаль алды

Каратэші қыз Азия ойындарында алтын медаль алды


Қазақстандық каратэші Гузалия Ғафурова Индонезияның Палембанг және Джакарта қаласындағы 2018 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.Спортшымыз финалда қытайлық Танг Линлинді 2-0 есебімен жеңіп, жеңіске жетті. Гузалия бұған дейін өзбек спортшысы Дильдор Анадурдиеваны, ирандық Пегах Зангенехкаркутиды және вьетнамдық каратэші Тхи Нгуенді жеңді.Азиада ойындарының жеңімпазы Гузалия Ғафурова қабырғасын жарақаттап алғанына байланысты 100 пайызға жеңіске жететіне сенімсіздік танытқанын айтты.
«Бұл жолы 2014 жылға қарағанда қиын болды, себебі мен қабырғамды жарақаттап алған едім. Сондықтан бұл жолы қиынырақ түсті. Бұған дейінгі сайыста осындай ірі жарыстарға алғаш қатысуым болатын. Ол кезде мен тіпті, қарсыласымның қандай екенін де білмедім. Бұл жолы бәрі басқаша. Маған бірінші жекпе-жектен бастап финалға дейін бәрі белгілі болды. Осындай жарақатпен мен тек 70%-ға ғана жеңіске жете аламын деп ойланмын»,-дейді жеңімпаз.
Айта кетейік, бұл жеңіс біздің еліміздің Азиада ойындарынан алған 42-ші медалі және жоғары деңгейдегі алтыншы алтыны болды. Қазақстанның қазынасында сегіз күміс және 28 қола медаль бар. Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындары 2 қыркүйекте аяқталады.

28 тамыз 2018 ж. 817 0