№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҒҰСМАН КҮМІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ҒҰСМАН КҮМІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ


Германияның Саарбрюккен қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Еуропа Кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Дзюдо федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Жарыстың бірінші күнінде 66 келіде бақ сынаған қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдеге ие болды. 
Іріктеу кезеңінен іркілмей шыққан отандасымыз жартылай финалда француз балуаны Кевин Аземаны жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Алайда, финалда грузиялық Торник Нагиашвилиге есе жіберген Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына жарыстың алғашқы күміс жүлдесін салды. 
Естеріңізге сала кетсек, Саарбрюккенде дзюдодан Еуропа Кубогы өтіп жатыр. Тартысты додаға 26 елден 387 дзюдошыы қатысып жатыр.
15 шілде 2018 ж. 1 110 0