» » ҚАЙРАТ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫН ЖЕҢДІ

ҚАЙРАТ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫН ЖЕҢДІ


ҚР Президенті кубогы үшін бокстан Халықаралық турнирдің жартылай финалында Қайрат Ералиев Олимпиада чемпионы Шаxобиддин Зоировпен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 


Екі боксшы бірінші раундтан бастап ашық шабуылға көшті. Бір-біріне дес бермей, үнемі қысым жасап отырды. Екеуі де жылдам қимылдады, қарымта шабуылдары да жақсы өтті. Ал екінші раудта Қайрат Ералиев екі қолын түсіріп, ойнап жүріп, бокстасып көрді. Осы тактикасы арқасында бірнеше жақсы соққыларын да дарытты. Үшінші раундта тағы қарсыласының жүйкесін жұқартып, артқа шегініп жүріп, әдемі қорғана білді. Зоировтың күші сарқылып, бірнеше рет сүрініп құлады. Қазақстандық боксшы осы мүмкіндікті шебер пайдалана білді, өз ұпайларын еселеп алды. Төрешілер шешімімен Қайрат Ералиев Олимпиада чемпионын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Финалда оны америкалық Дюк Ламонд Раган күтіп отыр. 
09 маусым 2018 ж. 744 0