№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тосын жаңалығы көп – Париж олимпиадасы

Тосын жаңалығы көп – Париж олимпиадасы


Биыл еліміз 8-рет жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Қазақстан құрамасының еншісінде 92 жолдамамен, еліміздің атынан спорттың 25 түрінен 80 атлет бақ сынады. Барша қазақ халқы спортшыларымызға тілеулес болып, бар әлем көз тіккен жарыста ел еңсесі түскен жоқ.


Ұлттар шеруімен өтетін Олим­пиаданың ашылу салтанаты ең қызықты оқиғалармен өрбіді. Қатысушы елдер­дің спортшылары алғаш рет стадионда емес, қайықтармен Сена өзені бойымен өткенінің өзі ерекше көрінді. Яғни 200-ден астам елден келген спортшы мен делегация өкілдері қайықтарға отырып, атақты Трокадеро алаңында жиналды. Қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 80 мыңнан астам маман жұмылдырыл­ған. Оның екі мыңы Франция билігінің сұрауымен 46 елден келген сақшылар екен.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар 2024 жылғы Олимпиада ойындары тарихында алғаш рет гендерлік тұрғыда теңдестірілгенін атап өтті. Әйелдер 1900 жылы өткен жазғы Олимпиада ойындарынан бері қатысып келеді. Олардың саны сол кезде 13 қана болса, биылғы жылы ерлер мен әйелдердің саны тең болды.
Газеттің өткен санындағы нөмірде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 кү­міс, 2 қола медальмен 26 орынға тұ­рақ­тағанын жазған едік. Енді осы олемпиада барысында одан кейін орын алған жаңалықтарға шолу жасап өтейік. Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41-ші орынға тұрақтады.
Атап айтсақ, қазақстандық спорт­шылар 5 спорт түрінен бақ сынады.
Қазіргі бессайыстан әйелдер ара­сындағы семсерлесуден іріктеуде Елена Потапенко семсерлесуден кейін 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады.
Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезең семсерлесуде 170 ұпай жинады. Қазір ол 35-орында тұр.
Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова жарысты аяқтады. Ол ширек финалда өз тобында 4-орын алды. Каноэде 500 метрге ескек есуден ерлер арасында А және В тобының финалында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы В тобында мәреге үшінші жетті. Олар жұптық сынды жалпы есепте 11-сатыда аяқтады. Каноэде 200 метрге ескек есуде Мария Бровкова іріктеуде өз тобында мәреге бесінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 48.43 секунд.
Ал, еркін күрестен Азамат Дәу­летбеков (86 кг) алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Бруксқа жол берді. Мейрамбек Картбай (57 кг) 1/8 айналымында қырғыз палуаны Бекзат Алмаз уулудан жеңіліп қалды.
Боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атан­ды. Отандасымыз финалда украи­налық Александр Хижнякқа жол берді. 80 килоға дейінгі салмақта өткен шешуші шайқаста Нұрбек барын салды. Қорғана жүріп, қарсыласының қапысын табуға ұмтылды. Раунд сайын төрешілердің есебі бөле жарылып отырды. Жекпе-жек қорытындысында Александр жеңіске жетті.
Нұрбек Оралбай Қазақстан ерлер құрамасы сапында жүлдеге іліккен жалғыз боксшы. Ол өзі қатысқан алғашқы Олимпиадада күміс жүлде­гер атанды. Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері болды. 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық Нао Куссакиге есе жіберді. Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды. Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.
Құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов жартылай финалға жолдама ала алма­ды. Отандасымыз ширек финалда әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Реза Әлипурға жол берді. Әмірдің уақыт көрсеткіші – 6.14 секундты құрады.
Көркем гимнастикадан Елжана Та­ниева көркем гимнастикадан іріктеуде өнер көрсетіп, финалдық кезеңге шыға алмады. Ол төрт жаттығуда 126.600 ұпай жинап, 13-орынға тұрақтады.
Ал, Әйелдер арасында 100 метрге жүгіру бағдарламасында ямайкалық желаяқтардың 2008 жылдан бері жалғасқан үстемдігіне нүкте қойылды. Осы елдің даңқты спринтері Шел-Энн Фрейзер-Прайс іріктеу кезеңі басталар сәтте алаңға жалпыға ортақ талаппен емес, жеке келемін деп кешірек кірді. Соның салдарынан ба, әлде шынында да аяғын жарақаттап алды ма, Шел-Энн жартылай финалда сынға түсе алған жоқ. Оның жоқтығы америкалық Шакарри Ричардсонға пайда бола ма деп күткен едік. Алайда жартылай финалда да, финалда да сент-лусиялық Юльен Альфред есімді желаяқ қыз мәреге бірінші жетіп (10,02 секунд), олимпиада чемпионы атанды. Ол – Сент-Лусия тарихындағы алғашқы олим­пиада чемпионы. Оны айтасыз, 176 мың тұрғыны бар осы арал спортшылар арасында жалпы олимпиадалардың алғашқы жүлдесін де Альфред жеңіп алып отыр.
Үш секіру бағдарламасында да жаңалыққа толы ойын өтіп, тарих жаңарды. Кезінде Ольга Рыпакова атой салған сында доминикалық жеңіл атлет Теа Лафон олимпиада чемпионы атанды. Ол 15,02 метрге секіріп, күміс жүлдегер Шаниека Риккетстен (Ямайка) 15 см озып кетті. Лафон да – Домини­ка тарихындағы алғашқы олимпиада жүлдегері және олимпиада чемпионы.
Ал 17 жастағы спорттық гимнаст Кайли Немурдің (Алжир) өмірі керемет фильмге негіз бола алады. Ол Францияда туды, осы елдің жастар құрамасында өнер көрсетті. Бірақ ауыр жарақат алып, құрамадан шығып қалды. Кейін жазылып қатарға қосылса да, Франция құрамасы оны қажет еткен жоқ.
Кайли оң шешім қабылдап, әкесі туған Алжир елінің атынан сынға түсу­ге бел буды. Париж олимпиадасына жолдаманы ол соңғы сәттерде ғана иелене алды. Ал олимпиада төрінде екі деңгейлі керме бағдарламасында мүлтіксіз өнер көрсетіп, төрешілерден ең жоғары ұпай алды. Техникалық шеберлігінің кемелдігі сонша, Кайли бағдарламаны көзді-ашып жұмғанша еш қателіксіз аяқтап шықты.
Осылайша, Кайли спорттық гим­настикадан олимпиада чемпионы атан­ған алғашқы африкалық спортшы болып отыр.
Бокстан қазақ спортшылары олим­пиада сайын қомақты жүлде әкелетін еді. Сол алтын бұлақтың көзі Токио олимпиадасында сарқылғандай алаң­дағанымыз да рас. Үш жыл бұрын екі боксшымыз қола жүлдемен қайтты.
Жеңіл атлетикадан 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру бағдар­ламасына қазақстандық екі спортшы қатысып, біреуі финалға жолдама иеленді. Дейзи Жепкемей 9:24.69 нәти­жесімен қалың топ арасында қалса, Нора Джеруто бесінші нәтижемен финалға шықты (9:16.46). Ол 7 тамыз күні түнгі 1 шамасында медаль сынына қатысады.
Ту ұстаушы Ольга Сафронова 200 метрге жүгіру бағдарламасында өз тобында 7-нәтиже көрсетті (23,58 сек). Ол кіші жартылай финалға қатысып, финал жолдамасы үшін таласу мүмкіндігін иеленді.
110 метрге кедергілермен жүгіруші Давид Ефремов іріктеу кезеңінде 13,88 секунд уақытпен орташа көрсеткіш көрсетті. Ол жартылай финалға шыға алған жоқ.
Стенд атудан Әсем Орынбай скит бағдарламасының қорытындысында 116 ұпай жинап, Париж олимпиадасын 18-орынмен аяқтады. Ол да іріктеуден аса алмады. Эдуард Ещенко жинаған 115 ұпай да финалға шығуға жол ашқан жоқ.
Мылтық атудан мерген Никита Чирюкин (10 метрден тапаншамен ату) 583 ұпаймен финал жолдамасынан тыс қалды.
Спорттық гимнастикадан Милад Карими еркін жаттығуда 14,500 ұпай жинап, олимпиаданы бесінші орынмен аяқтады.
Велоспорттан ерлер арасындағы топтық сында Евгений Луценко жеңім­паздан 7:23 минут артта қалып, жа­рысты үздік елу спортшыдан кейін аяқтады. Евгений Федоров мәреге жете алған жоқ.
Теннистен даңқты Новак Джокович Париж олимпиадасының финалында испаниялық Карлос Алькарасты 7:6, 7:6 есебімен жеңді. Сөйтіп, жеке сында алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Джокович теннистен ең мәртебелі сындардың барлығында жеңіске жеткен алғашқы спортшы атанып отыр. Оның еншісінде 24 «Алтын Дулыға», 40 «Мастерс», 1 Дэвис кубогы, 7 қорытынды турнир жүлделері бар.
«Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысатын» халықпыз. Атаулы олимпиада ойындарынан енші­мізге тиген жүлдеге шүкіршілік еттік.
Осы ретте айта кетейік, Париж­де өткен олимпиада ойындарына 10 миллионға жуық билет сатылыпты. Бұл – рекордтық көрсеткіш деуге болады. Өйткені, бұған дейінгі 1996 жылы Атлантада өткен ойындар кезінде 8 млн билет сатылған екен.
Міне, Париж олимпиадасы осындай сәттерімен есте қалды.

Әсел РЗАЕВА
13 тамыз 2024 ж. 1 323 0