» » БАҚ: Шағын футбол турнирі

БАҚ: Шағын футбол турнирі

Қызылорда облысы әкімінің Кубогі үшін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында өткен шағын футболдан республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан, атап айтсақ, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Түркістан, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда қалаларынан барлығы 8 команда бақ сынады.
Тартысты ойын көрсеткен «Қарекет», «Ақпарат», «Ақмешіт» және «Қаламгер» командалары жартылай финалға шықты. Нәтижесінде «Қарекет» командасы Қызылорда облысы әкімінің Кубогі үшін өткен республикалық турнирдің чемпионы атанып, облыс әкімінің арнайы кубогімен, медальдармен және 1 000 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Екінші орынды жеңіп алған атыраулық «Ақпарат» командасына 700 мың, қола жүлдегер атанған қызылордалық «Ақмешіт» командасына 500 мың теңге, «Қаламгер» командасына 150 мың теңге ынталандыру сыйлығы табысталды.
Бұл марапаттардан бөлек, «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша озық ойын көрсеткен қатысушыларға арнайы кубоктар және қаржылай жүлделер тапсырылды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық БАҚ өкілдерінің басын қосқан турнирде қатысушылар қонақжай Сыр елі жұртшылығына ризашылықтарын білдірді.
23 маусым 2024 ж. 242 0