№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тағылымды кездесу

Тағылымды кездесу

Еліміздің әр өңірінде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай түрлі акция өтті. Осы акция аясында Кеңес Одағының батыры А.Д.Романов атындағы №53 орта мектепте еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ресбупликалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, дарынды балуан, ауылымыздың мақтанышы Байгенжеев Әбдіманап пен кездесу болып өтті.
«Бүкіл адамзаттың келешегі — жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде тәрбиеленіп, қалай өсуіне, келмелденуіне байланысты», -деген екен Ғабит Мүсірепов. Ендеше, жас ұрпақты тұлғалар арқылы тәрбиелудің маңыз зор. Бала балғын шақ кезінде бәріне құмартады. Бәрін бірден білгісі келіп талпынады. Ол әрине, заңдылық. Қазақ «болар баланың бетін қақпа белін бу», — деген қанатты сөз қалдырған.
Дарынды балалар көптен ерек өмірге құштар, айналасына мейрімді, ісіне жауапкерлшілікпен қарауды әдет етеді. Иә, оның барлығы тәрбиеге байланысты. Жастық шақ адамға бір-ақ рет беріледі. Сондықтанда жас жетікіншектің бойына білім нәрін еге отырып бойындағы бар талантын аша білу ата-анаға ғана емес, өскен орта мен білім ордаларына тікелей қатысты емес пе?!
Негізі бұл өткен кездесу жоғарыда айтып өткеніміздей, 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай орай ұйымдастырылған еді. Осындай игілікті шараны өткізудегі басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың денсаулығын нығайту.
Кеш соңында жас балдаурендер қонақтармен суретке түсті. Осындай тағылымы зор тартымды кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастыру жоспарда. Өзіміздің аттары айшықты спорт ардагерлерімен жиі өткізген кездесулер арқылы жастардың спортқа деген құлшынысы арта түсері анық. Сондықтан да «Жас күнің –өнер іздеу, нақ дер шағың» демекші, жалынды жас шағында алған білім, спорт өмірінде тасқа жазылған жазудай бойда қалыптасып қалатын болғандықтан, алтын уақыттта бос өткізбей пайдалы іспен айналысудың маңызы зор.
09 маусым 2024 ж. 325 0