Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Біздің чемпион

Біздің чемпион

Жаңақорғандық еркін күрес шебері Әбдіманап Байгенжеев Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен өткен Henri Deglane (Анри Деглан) Гран-при турнирінен сүйіншіледі. Еуропаның белді балуандары бақ сынаған халықаралық турнирде Әбдіманап алтынға бір табан жетпей қалды. 
Иә, 92 келіде өнер көрсеткен балуанымыз кіл мықтыларды жарыс жолынан ығысырып, ақтық сында америкалық қарсыласына есе жіберіп, күмісті місе тұтты. Осылай ол Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Құтты болсын!
Жалпы Жаңақорған ауданы Сыр өңіріндегі еркін күрес мектебінің баспалдағы десе де болады. Қаншама балуан олимп төрінде тер төкті. Міне, солардың ізінен еріп келе жатқан Әбдіманаптан әлі талай биіктерді күтеміз...
26 қаңтар 2024 ж. 615 0