» » Олимпиадаға жолдама беретін іріктеу турнирдің жеребесі тартылды

Олимпиадаға жолдама беретін іріктеу турнирдің жеребесі тартылды



Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирге қатысатын спортшылардың қарсыластары анықталды.

Бүгін Астана қаласында Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысатын спортшылар арасында спаррингтер өтеді. 63,5 келіде сынға түсетін бес боксшының біреуі, яғни Жандос Қыдырәлиев жарыста автоматты түрде жартылай финалдан бастайды. Ол Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнуллинов арасындағы жұптың жеңімпазымен жұдырықтасса, әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Серік Теміржанов пен Дулат Бекбауов өзара мықтыны анықтап, финалға шығу үшін жұдырықтасады. Назарларыңызға қыздар арасындағы жеребенің нәтижесін ұсынамыз:  
50 келі: 
Алуа Балқыбекова - Назым Қызайбай
54 келі:
Балауса Мұздыман -Жайна Шекербекова
Элина Базарова - Ұлжан Сәрсенбек
Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар
Сания Сұлтанқызы - Анель Сақыш
66 келі: 
Дариға Шәкімова - Наталья Богданова
Милана Сафронова - Богданова/Шәкімова жұбының жеңімпазы
Лаура Есенкелді - Жасмин Қизатова
75 келі: 
Жібек Жарасқызы - Гүлсая Ержан
Валентина Хальзова - Ержан/Жарасқызы жұбының жеңімпазы
Айта кетейік, әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылған еді. Оның олимпиада ойындарына қатысуға жасы келмегендіктен ХОК лицензиялық турнирге жібермейтінін мәлімдеді. 
08 сәуір 2024 ж. 571 0