Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Дүбірлі дода – Аққорғанда

Дүбірлі дода – Аққорғанда



Бүгін Жаңақорған ауданы, Аққорған ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай көкпардан командалық аудандық жарыс басталды. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Рахымжанов Махмут, ауыл әкімі Туғанбаев Серік және ауыл ақсақалдары Ибрагимов Молдахмет, Үсенов Тұрысбай, Сәрсенов Иманбек, Төрехожаев Ермахан ағаларымыз көкпаршыларға сәттілік тіледі.
Бұл көкпар додасының негізгі мақсаты – алдағы уақытта өтетін ересектер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына облыс құрама командасын жасақтау. Дүбірлі додаға кент және ауылдық округтерден"Қыр Өзгент", "Тау тарландары" (Жаманбай батыр ауылы, ст.Талап, Бесарық ауылынан құралған), "Түгіскен", "Машбек", "Қаратау" (Жайылма ауылы), "Келінтөбе", "Қожакент"командалары қатысып, жеңіс үшін бар күш-жігерлерін ортаға салуда.
Тартысты бәсеке 26 наурыз күні қорытындыланатын болады.

Айта кетейік, жарыстың негізгі ұйымдастырушылары Аққорған ауылындағы ұлттық спорт түрі көкпардың спорт жанашырлары, Аққорған ауылдық округ әкімдігі, Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі.
26 наурыз 2023 ж. 341 0