Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қола қоржында

Қола қоржында

Шымкент қаласында қол добынан өткен ХХХ-шы Қазақстан Республикасының чемпионатының І-лига ойындары аяқталды. Бұл сында Қызылорда облысының құрама командасы қола жүлдемен оралды. Облыс құрама командасының негізгі ойыншыларын Жаңақорған ауданының №8 ОРМБЖ спорт мектебі мен Жаңақорған спорт клубының оқушылары құрайды.
– Биылғы жылдың ең үлкен мақсат чемпион болып, жоғары лигаға өту болатын. Бұйырғаны осы болды, бұйырса келер жылы бұдан да биіктен көрінуге тырысамыз, – деді бас бапкер Құнанбай Салыбеков.
Иә, жаңақорғандық қыздар қол добынан аймақ құрамының негізін қалайтыны жасырын емес. Мектебі қалыптасқан бұл спорттың түлектері қазір ұлттық құрама сапында жүр. Есімі – Жанерке. Одан бөлек, жастар облыстың “Сейхун” құрамасында шыңдалуда. Аядай ғана Келінтөбе ауылынан шыққан қарлығаш қаракөздердің жеңістеріне жерлестері дән разы.
– Соңғы жылдары қыздардың жеткен жетістіктері көңіл қуантады. Бұл бапкердің біліктілігі мен қыздардың қырағылығы, маңдай тері. Жанеркенің ізінен еретін қыздар әлі талай шығады деп сенемін, – деді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов.
29 қараша 2022 ж. 632 0