№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мерейлеріңіз биіктей берсін!

Мерейлеріңіз биіктей берсін!


Тамыз айының үшінші жексенбісіне тұспа-тұс келетін Спортшылардың кәсіби мерекесіне орай Жаңақорған агроколледжі ғимаратында салтанатты кеш ұйымдастырылды. Мерекелік жиынды аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы сөз сөйлеп ашып, аудан спортшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Бүгінде мемлекет тарапынан спорт­ты дамытуға зор көңіл бөлінуде. Спорт­тың адам өміріндегі айшықты орнын айқындауда жер-жерде оның өрісін кеңейтіп, өрендерімізді білек пен жүректің күш-қуаты тоғысқан мықтылыққа, ерік пен жігерге, намыс-қойлыққа тәрбиелеуде жауапты тұл­ғалардың атқарып жатқан қызметі тек құрметке лайық, – дей келе бұл бағытта ардагерлер санатында жүрген азаматтардың да спорттан қол үзбей, ізбасарларына үлгі болып келе жатқан қажырлы қызметтеріне рахметін айтты.
– Жалпы ауданымызда 385-ке жу­ық спорт нысандары бой көтеріп, спорт­сүйер жастардың тұрақты мекеніне айналған. Сонымен қатар биылдан бастап 500-ге жуық ұлан ат спортына қызығушылық танытып отыр, олардың жүйелі жаттығуына мүмкіндік туып тұр. Ауданымызда «Балалар жылына» орай 10 ойын алаңы салынып жатыр. Осындай қамқорлықтардың нәтижесін­де республика деңгейінде біздің ау­дан­нан 80-ге жуық жеңімпаздың есімі елге танылып отыр. 27-ге жуық үздік орынды біздің түлектер еншіледі. Осындай жетістіктердің барлығында спорт саласына жанкүйер болып, жанашырлығын жалғап келе жатқан аға буынның шынайы қамқор­­лығының маңызы зор деп білеміз. Сондық­тан өздеріңізге, сіздер бастаған жең­істі жол­дың туын нық ұстап, табандылықпен тұғыр төрін бермей келе жатқан жас толқын спортшыларымызға алдағы уа­қытта да толағай табыс тілеймін. Үнемі жүздері жарқын болып, жеңісті күндерді бірге қарсы ала берейік дегім келеді, – деп ізгі тілегін қосты.

Келесі сәт марапаттауларға жалғас­ты. Аудан спорты саласына үлес қосып келе жатқан ардагерлер қатарында Сады­қов Әбсаттар Алдабергенұлы, ҚР Мәде­ниет және денешынықтыру комитетінің шешімімен «Белбеу күресінен ҚР-ның Еңбек сіңіірген жаттықтырушысы» төсбелгісімен марапатталды. Облыс әкімінің Алғыс хатымен өнер және спорт саласының ардагері Бәден Айсынов және спорт ардагері, «Белбеу күресінен облыстық күрес федерациясының президенті, Қазақ күресінің аудандық федерациясының вице-президентң Мадияр Ахметов марапатталды.

Аудан әкімінің Алғыс хатымен бас­кетбол спортының майталманы, №53 мектеп мұғалімі Майра Алаудинқызы, тағы бірнеше сала үздіктері мара­патталды.
Осы күні ауданда спорт саласының өркендеуіне қажырлы үлес қосып келе жатқан спорт ардагерлері Төребай Ысқақов, Мәмедәлі Жаденов, Серік Ибрагимовтер де құрметтің лайықты тұғырынан көрінді.
Мерекелік шара соңы аудан көркем­өнерпаздарының концентіне ұласты.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
20 тамыз 2022 ж. 987 0