Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 52

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҚОШ КЕЛДІІҢ ЧЕМПИОН

ҚОШ КЕЛДІІҢ ЧЕМПИОН

1-3 мамыр аралығында Грецияның Родос қаласында Шахматтан өткен Әлем Чемпионатының жеңімпазы Назерке Нұрғали туған жеріне келді.

Бүгін Сыр жұртшылығы әлемнің 40 елінен жиылған шахматшылар арасынан басып озып, 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Әлем чемпионы атанған Назерке мен жаттықтықтырушысы Василилий Шимельковты салтанатты түрде күтіп алды.

Әлем чемпионын күтіп алуға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Жаманқұл, шахматтан облыстағы аға жаттықтырушы Р.Қошқарова, шахматтан бірнеше дүркін чемпион Ә.Серікбай, спорт мектеп жаттықтырушылары мен спортшылары және Чемпионымыздың туыстары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Темір жол вокзалының перроны бұл уақытта той-думанға ұласты десек қателеспейміз! Қуаныш үстінде шашу да шашылып, бата да беріліп, тіпті арнау айтылды. Сонымен бірге қазағымыздың жұғысты болсын деген ниетімен барша жұрт Чемпионмен естелік суретке түсуге асықты.

Назерке Нұрғали өз кезегінде барша жанашырларына, бүгін құттықтап келген дос-жаранға алғысын білдірді.
Жарайсың Назерке, Сыр елі өзіңдей алғыр қызбен мақтанады. Сыр спорты өркендеп, чемпиондарымыз көп болсын!

08 мамыр 2022 ж. 409 0