№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Гір тасын көтеруден Азия чемпионаты болып өтті

Гір тасын көтеруден Азия чемпионаты болып өтті


25-29 сәуір аралығында Ақмола облысы. Шучинск қаласында Гір тасын көтеруден Азия чемпионаты болып өтті.


Азия чемпионатына біздің ауданымыздан ардагер спорт­шылар қатарында Серік Ибраги­мов, Айтмағамбет Асанбеков, және жас талаптар арасында Михаил Аюпов, пен Сапар Дін­мұхаммед барып, барлығы да жүлдемен оралды. Бұған дейін де чемпионаттағы жерлестеріміздің алғашқы жеңістерімен бөліскен болатынбыз. Тағы да айта кетейік, чемпионатқа Индия, Корея, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 200-ден аса спортшы қатысты. Міне, солардың қатарында біздің жерлестеріміз Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті.
Азия чемпионатында Арда­герлер арасында гір тасын көтеруден 95 келі салмақта Серік Ибрагимов II орын иеленді.
45-49 жас арасындағылар бәсекесінде 85 келі салмақ бой­ынша Айтмағамбет Асанбеков I орынды иеленіп, жеңімпаз болды.
Жастар арасында 63 келі салмақта Михаил Аюпов II орын алды.
Жасөспірімдер арасында өт­кен 63 келі салмақта Сапар Дінмухамед II орын алды. Бұл жүлдегерлер қазан айын­да Индияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Әсел ИБРАГИМОВА
05 мамыр 2022 ж. 764 0