№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Көңілді старт» аудандық эстафетасы

«Көңілді старт» аудандық эстафетасы

Байкенже округінде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай мәдениет қызметкерлері арасында «Көңілді старт» атты аудандық эстафеталық сайыс өтті.

Бұл эстафетаны ұйымдастырудағы мақсат – салауатты өмірге үндеген Елбасы саясатын насихаттауға бағытталды. Эстофеталық сайысқа аудан бойынша әр аймақтың мәдениет қызметкерлерінен жасақталған 5 команда қатысты. Олар, «Мәдениет», «Жадыра», «Тау қырандары», «Сығанақ» топтары.
Шараны Байкенже ауылдық округінің әкімі Нұрғали Оспанов
сөз сөйлеп ашты.
– Құрметті спорт сайысына келген мәдениет саласының майталмандары, спортқа ден қойып саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жарқын бастамаларыңызға алғыс білдіреміз.
Байкенже ауылдық округі әкімі аппараты осы сайыстың жоғары деңгейде өтуіне үлесімізді қосуға дайынбыз – деп қолдау білдірді ол.
Сайысқа аудандық М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің директоры З.Шалабаева, спорт нұсқаушы С.Рахметов әділқазылық етті.
Сайыс 5 турдан тұрды: «Сақина шеңбермен» жүгіру. Қатысушылар бір-бірінің үстінен секіріп өтіп межеге жетіп допты жерге ұрып жүгірді. «Қилы» кезең матадан жасалған кедергіден өтіп, меженің келесі бетіне отырып жүріп мәреге жетуге тырысты. «Арбакеш» қатысушылар бір-бірін арбаға отырғызып жарысты. «Шідер» сайысында екі топ қатысушысының бір-бір аяғын байлап, кедергіні айналып өтуден жарысты.
Сайыс топтар арасында қызықты, тартысты болды. Сайыстарда сөз алған аудандық мәдениет үйінің директоры Зүлфия Шалабаева.

– Салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы спорттық шараны үлкен мәдени додаға айналдыра алатынымызды дәлелдедік, – деді. Спартакиадағы жаңа бір бағытқа тың серпін беріп ұйымдастырып жатқан Байкенже ауылдық округ әкімшілігіне және ұйымдастырушы клуб меңгерушісі Динара Жанұзақоваға рахметін айтты.

Ия, сайыс өте тартысты да қызықты өтті. Командалар да жақсы дайындалған екен. Намысты қолдан бермеді. Енді жыл сайын осындай дәстүрлі сайыстар жалғасын тапса, нұр үстіне нұр.
Бас жүлде «Жадыра» тобына, 1 орын « Мәдениет» тобына, 2 орын «Тау қырандары» тобына, 3 орын «Өнерлі регион» тобына, 3 орын «Сығанақ» тобына берілді. Сайыс жеңімпаздары диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Әсел ИБРАГИМОВА
16 сәуір 2022 ж. 553 0