» » Еуро 2020: Ширек финалдық ойындар қашан басталады?

Еуро 2020: Ширек финалдық ойындар қашан басталады?

1/4 финал жұптары белгілі болды. Тартысқа толы ойындар артта қалды, енді нағыз айқас басталады. Көпшілік Испания мен Бельгиядан алтын күтеді. Дегенмен де, Дания жане Аншлияның қадамы нық. Ол уақыттың еншісінде.
Швейцария - Испания (2 шілде, Санкт-Петербург. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де)
Бельгия - Италия (3 шілде, Мюнхен. Басталуы - 01.00-де)
Чехия - Дания (3 шілде, Баку. Басталуы - 22.00-де)
Украина - Англия (4 шілде, Рим. Басталуы - 01.00-де)
Барлық ойынды Qazaqstan тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан көруге болады. Бірінші, үшінші және төртінші матчті Qazsport телеарнасы да көрсетеді.
Еске салайық, Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталған. Финал 12 шілдеге қараған түні Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Турнир Еуропаның 11 қаласында болып жатыр.


30 маусым 2021 ж. 691 0