Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 81

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » EURO-2020: Бүгін кімдер ойнайды?

EURO-2020: Бүгін кімдер ойнайды?


Футболдан Еуропа чемпионатының жетінші жарыс күнінде жоспарлы үш матч өтеді. Украина Солтүстік Македониямен кездессе, Дания мен Бельгия, Нидерланды мен Австрия күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Екінші тур аясында С тобында өнер көрсететін Украина мен Солтүстік Македония кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. В тобының өкілдері Дания мен Бельгия кездесуі 22:00-де үш ұпайға таласады. Кездесу Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ С тобының өзге екі жұбы Нидерланды мен Австрия ойынын түнгі 01:00-де Qazsport телеарнасынан тамашалауға мүмкіндік бар.
Алты команданың үшеуінде үш ұпайдан бар болса, қалған үшеуі турнирдегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізуге ниетті. Бірінші турда Украина Нидерланды құрамасынан 2:3 есебімен ұтылса, Солтүстік Македония Австриядан 1:3 есебімен жеңілген болатын. Дания Финляндиядан айласын асыра алмады (0:1). Өз кезегінде Бельгия турнирдегі анық фаворит екенін әйгілеп, Ресейді 3:0 есебімен жеңді.
Еске салайық құрамалар арасынан Италия алғаш болып плей-офф кезеңіне жолдама алды.
 
 
17 маусым 2021 ж. 288 0