№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Назым Қызайбай Азия Чемпионатында жеңілген боксшылар Олимпиадаға жолдама алғанын айтты

Назым Қызайбай Азия Чемпионатында жеңілген боксшылар Олимпиадаға жолдама алғанын айтты

Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы жалпы есепте көш бастады. Алтынан алқа таққан үздіктердің бірі Назым Қызайбайдың Алматы  телеарнасына берген сұхбатта бірқатар мәселені баса назарға қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия чемпионатында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сегіз алтын иеленіп, жалпы есепте көш бастады. Осы орайда Назым Қызайбай чемпионатқа аса тыңғылықты дайындықпен келгенін айтты.
«Азия чемпионатына дайындық өте жақсы болды. Әр жарысқа тыңғылықты дайындаламыз. Бұл жолы өте жақсы нәтиже көрсеттік. Командалық есепте 1 орын алғанымызға қуаныштымын. Әрине, әр жарысқа жеңсек деген оймен барамыз. Командадағы қыздар да, мен де осы жарысқа бар ықыласымызбен дайындалдық: жаттығуларды үзбей жасадық, психологиялық тұрғыдан да жұмыстар жүргізілді. Осыған дейін көп еңбек етсек те, кей жарыстарда жолым болмай, жүлделі орындар ала алмадым. Сол себепті осы жарыста бар күш-жігерімді салдым. Ең әуелі бапкеріме, сондай-ақ бізбен бірге жұмыс істеген психолог, дәрігер сияқты мамандарға рақметімді айтамын», деді ол.
Боксшы қызымыз Әлем чемпионаты, Азия ойындары бар, бұйырса сол жарыстарға барамыз деп ойламын. Дегенмен, Олимпиадаға жолдама ала алмай жатқанын айтты.
Оның айтуынша, іріктеуге басқа боксшы қыз барған, бірақ жеңіліп қалған екен.  
«Іріктеуге мені жібермеді. Егер барсам, жолдама алар едім деп ойлаймын. Азия чемпионатында менен жеңілген спортшылар Олимпиадаға жолдама алды. Ал біздің Олимпиадаға барып-бармайтынымыз әзірге белгісіз боп жатыр, дейді Н.Қызайбай.


Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/277231-nazym-qyzaybay-aziya-chempionatynda-dgenhilgen-boksshylar-olimpiadagha-dgoldama-
© egemen.kz
04 маусым 2021 ж. 711 0