№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас гандболшының жұлдызды сәті

Жас гандболшының жұлдызды сәті

Нұрдана Қырғызбай. Ауданға есімі таныла бастаған жас гандболшы. Ол Жаңақорғанның жасөспірімдер командасын алға сүйреп келеді. 5-сыныпта оқитын талант иесіне «Қайсар» командасы қызығушылық білдіріп, облыс құрамасының сапына қосуға ниетті. Біз Нұрдананы кейіпкер еттік.Гандбол спорты бойынша «Қайсар» қыздар командасы ел чемпионатында фаворит команданың бірі. Бүгінде ұлттық құраманың жартысына жуығы қайсарлық арулардан құралған. Азулы командаға шақырту алған спортшы Құнанбай Салыбековтен тәлім алады.
– Нұрдана 2-сыныпта ұлдармен футбол ойнап жүргенін көрдім. Ептілігімен, ерік-жігерімен таңғал­дырды. Сосын ата-анасына жолығып, гандболға беруді өтіндім. Содан бері үш жыл өтті. Жасына қарамай өзінен үш-төрт жас үлкен спортшылармен бірге жаттығып жүр. Оның болашағынан үлкен үміт күтемін, – дейді бапкері.
Мұндай пікірді «Қайсар» клубының директоры Вячеслав Кимнен де естідік.
Нұрдананың Сыр өңірінің басты командасында өнер көрсетуінде алдынғы буынғы әпкелерінің әсері бар. «Қайсардың» сапында Құнанбай Салыбековтің 6 шәкірті өнер көрсетеді. Суперлигада облыс құрамасын Жанерке мен Нағима толықтырса, жоғарғы лигада 4 жаңақорғандық бар.
Наурыз айында Хорватияда Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынады. Спорт бәсекесінде Жанерке Сейітқасым ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайды.
– Нұрдана орталық ойыншы. Допты тосып алып, қарымта шабуыл жасауға епті. Оның шапшаң қимылы, ең бастысы, қарсыласына доп бермеу шеберлігіне тәнтімін. Соққысы да жойқын. Тәжірибелі қақпашылардың өзі оның лақтырған добына төтеп беруі қиын. Оның бойында команданың алға жетелейтін чемпиондық рух бар. Талабы таудай спортшының жасы жетпесе де мүмкіндігінше жарысқа жиі апаруға мән беріп жүрміз, – деді бапкері Құнанбай.
Біз Нұрдананың жаттығу залындағы еңбекқорлығын да көрдік. Допты алып жүру техникасы мен қайшылап тұрып соққы жасауды жетік меңгеріпті. Бапкері көрсеткен жаттығуды өз деңгейінде меңгергенінше қайта-қайта қайталап, еңбектенеді екен.
– Үйдің кенжесі. Алдында төрт ағасы бар. Қыздан жалғыз болғаннан соң, спортқа беруге асықпадық. Оның бойындағы таланты спортқа жетелеп, гандболға әкелді. Біз оған барынша қолдау көрсетіп келеміз, – деді әкесі Ғалымжан Қырғызбай.
Ғалымжан да спорттан құр алақан емес. Волейбол мен баскетболды жанына серік еткен. Бүгінде ардагерлер сапында өнер көрсетеді.
– Арманым түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстарда қазақ елінің атын шығару. Осы жолда тер төгіп, бапкерлерімнің бағыт-бағдарын дұрыс орындауға күш салып жүрмін, – дейді гандболшы.

Әли ТЕМІРБЕК

20 ақпан 2021 ж. 1 041 0