Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Беларусь жігіттері білгенін көрсетті-ау

Беларусь жігіттері білгенін көрсетті-ау


Иә, өтірік емес, кешегі Қазақстан мен Беларусь арасындағы ойынды көрген жанкүйерлер осы сөзге дәлел бола алады. Біздің жігіттер барын салды, бірақ алаң иелері керемет ойын көрсетті.
Әдетте ұлттық құрамаға қазақтарды қоспайды деп жиі ренжуші едік. Кейінгі кезде  ел намысын қорғап жүрген футболшылардың көбі қазақтың қара домалақтары. Кешегі ойында да жасы бар, аға буыны бар жасыл алаңға шыққан аяқ допшыларды жұрт аяп кетті.  Суретті көрсеңіз түсінесіз. Әсіресе 2-таймда біздің жігіттер білгенінен жаңылды, ал ойын аяқталуға 15 минут қалған сәттен бастап Беларусь жігіттері білгенін істеді. Қақпашымыздың мазасы да қашты, ойынға деген ынтасы да болмай қалды. Өйткені шабуылды үдете берген қарсыластар Стастың әбден ығырын шығарды. Ал, біздің футбол баяғы сол нәтижесін қайталады.
«Байдың асын байғұс қызғаныпты» болмасын, шынын айту керек, біздің футболшылардың айлығы біз ойлағаннан да тым көп. Жағдай жасалған, жеңіліс тапса да, жанкүйерлер қолдауға дайын. Тек ішкі рух, намыс жоқ. Әйтпесе бәрі де етпен сүйектен жаралған адамдар ғой. Бір ағамыз айтқан екен қазақтарға қолғап беріп, бокстастыра беру керек, басқа спортқа икемі келмей жатыр деп. Біздікі тек қиял ғана ғой, уақыт бәрін өзгертер...
15 қазан 2020 ж. 518 0