Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қанат Исламның жекпе-жегі неге киінге шегерілді?

Қанат Исламның жекпе-жегі неге киінге шегерілді?

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегін кейінге шегерді, - деп хабарлайды Vesti.kz мәлімет көзіне сілтеме жасап.

Қанаттың бастапқыдағы қарсыласы 23 жастағы Гонсало Кория (16-3, 6 КО) болатын, алайда, онымен өзге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) жұдырықтасатын болды.

Одан кейін қазақ боксшы "Пантера" лақап атты 32 жастағы мексикалық Хесус Гурроламен (27-3-15, 14 КО) кездесу өткізу керек еді, бірақ, боксшының визамен қиындықтары туындаған. Қазақстандық боксшы болса қазір АҚШ-та жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр.

BoxRec мәліметінше, Ислам 16 қазан Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде жекпе-жекке шығу керек болған.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы рингке бір жылдай уақыт шыққан жоқ. 2019 жылдың 26 қазаны Алматыда өткен WBO International титулы үшін кейінгі жекпе-жегінде ол намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген.
08 қазан 2020 ж. 771 0