Қанат Ислам жеңіске жетті
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Канат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық спортшы Уолтор Каутондокваны (18-1, 17 КО) жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінде олар WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты.

Мұның алдында Қанат Исламның (26-0, 21 КО) менеджері Нельсон Лопес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жекпе-жек ұйымдастыру мақсаты туралы айтқан еді. "Қазір сегізінші орындамыз, бірақ, бірінші болғымыз келеді. Басты мақсат осы. Бәрін жеңуге даярмыз. Бүгін Уолтермен, ал ертең "Канеломен" жұдырықтасып, оны жеңеміз. Оны Қазақстанға алып келеміз. Головкиннің қолынан келмегенді жасаймыз. "Канелоның" артынан кез келген салмақа баруға дайынбыз. Супер ортада болса, сол дивизионға барамыз. Жетеміз де, басым боламыз. Қазақ еліне осы жекпе-жекті сыйлаймыз", - деген Лопес.