«Канело» спорттық мансабын Головкиннен бұрын аяқтауы мүмкін
Сауль Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эдди Рейносо мексикалық боксшының карьерасын аяқтауын жоспарлап отырғандығын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
Егер салыстырар болсақ, Альварестің қарсыласы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) тіпті 38 жасында жұдырықтасып жүр және әзірге спорттан кетуді жоспарлап жүрген жоқ.
Бұдан басқа Головкин «Канеломен» үшінші айқасты күтуде. Олардың талас тудырған алғашқы жекпе-жегі төрешілердің басым даусымен «Канелоның» жеңісімен аяқталған болатын.