Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды

Футзал: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды


Қазақстан құрамасы футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды
24.kz.
Бұл Чехияда өткен іріктеу турнирінен кейін белгілі болды. Жолдаманың тағдыры соңғы жарыс күні шешілген еді. Рикардо Кака баптайтын жігіттер жергілікті аяқдопшылармен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп – 5:2. Ұлттық құрама сапынан Дуглас пен Тайнан мергендігімен көзге түсті. Яғни алғашқысы хет-трик жасаса, кейінгісі дубль авторы атанды.
Осылайша жерлестеріміз 6 ұпаймен өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Екінші орында Чехия құрамасы болса, одан кейін Румыния мен Словения тұр. Енді қазақстандық спортшылар Литвада өтетін әлем чемпионатына дайындалады. Байрақты бәсеке алдағы күзде өтеді.
Айта кетейік, жерлестеріміз дүниежүзілік додадаға осымен 3-рет қатысқалы отыр.



06 ақпан 2020 ж. 599 0